1-наурыз. Turaninform. The Economist Intelligence Unit жылдағыдай әлемдік демократияға талдау жасап, елдерді түзіп шықты. Соған сәйкес, жаһандық демократия ұпайы 5,17 болған (0-10 шкаласы бойынша). Бұл 2023ж. деңгейден төмендеу.
Жер жүзі елдері ішінде оқ бойы озып тұрған – Норвегия. Бұл елдің демократиялық ұпайы – 9,81. Тіпті кей өлшемдерден 10 ұпай жиған, яғни ең жоғарысын алған. Сондай-ақ, Норвегиядан бөлек, Жаңа Зеландия, Финляндия, Ирландия, Швеция т.б. өркениетті елдердің деңгейі де кей категорияда 10 ұпай көрсеткен.
Ал, Democracy Index 2024 бойынша ондыққа мына елдер енген:
1. Норвегия;
2. Жаңа Зеландия;
3. Швеция;
4. Исландия;
5. Швейцария;
6. Финляндия;
7. Дания;
8. Ирландия;
9. Нидерланды;
10. Люксембург.
Фото интернеттен алынды
ПІКІРЛЕР