Еуропа елі “орбандалды”…

Еуропа елі “орбандалды”…
20-сәуір. Turaninform. Болгарияда мерзімінен бұрын өткен Парламент сайлауында еуроскептик, экс-президент Р. Радев коалициясы жеңді. Ол жемқорлықпен күресетінін, Ресеймен қайта диалог орнататынын айтады, сондай-ақ, Еуроодақ моральдың соңында кетті деп санайды. Әрі еуро валютасының референдумсыз Болгария ақшасына айналғанын да сынады. Украинаға әскери көмекті күшейтуді де құптамайды.
 Алдын ала мәліметке қарағанда, оның “Прогрессивті Болгария” коалициясына парламенттегі 130 орын (жалпы 240) тиесілі болуы мүмкін. Демек, үкіметті өз бетінше жасақтауға мүмкіндігі бар.
 Р. Радевтің көзқарасында антиеуропалық, бірақ, ресейшілдік бар. Бұл жағынан Еуроодақ қана емес, венгр халқының үлкен бөлігі әрең құтылған Венгрияны ұзақ басқарған, авторитаризмге сүйреген В. Орбанға ұқсайды. Сондықтан да Болгария “орбандалуы” мүмкін. Оған: “Орбандама!” деуге Еуроодақтың демократиялық саясаты жібермейді. Тек болгар халқы ғана айта алады…
 Фото интернеттен алынды

Әлеуметтік желіде бөлісу:

Share to Google Buzz
Share to Google Plus
Share to LiveJournal
Share to MyWorld
Share to Odnoklassniki

ПІКІРЛЕР

WORDPRESS: 0
DISQUS: 0