Қарағанды және Шығыс Қазақстан облыстарының күндері өтеді

Қарағанды және Шығыс Қазақстан облыстарының күндері өтеді

 Астана. 06.10.2016ж. Turaninform. Құрманғали Нұрғалиев

Елордада 8-9 қазан күндері Шығыс Қазақстан және Қарағанды облыстарының жәрмеңкесі өтпек.

Шығыс Қазақстан ауыл шаруашылық жәрмеңкесі «Хан шатыр» сауда ойын сауық орталығының жанындағы тұрақ алаңында, ал, Қарағанды облысыныкы қала әкімдігінің алдында өтпек. Шығыс облысымыздан 300 тонна өнім әкелінеді. Қарағанды облысынан болса, 840 тонна өнім жеткізіледі делінуде.

Аталған облыстар ауылшаруашылық жәрмеңкесін ғана өткізіп қоймайды. Сонымен қатар, екі облыс та өз өңірлеріндегі өнерлерін паш етпек. Ән кештері ұйымдастырылмақ. Көрмелер ұсынылады. Мәселен, 8­қазан күні, сағат 12.00-де, ҚР Тұңғыш Президенті кітапханасында Қарағанды облысы, «Сарыарқа кітапханасы» 100 томдығын сыйға тарту салтанатын, Әлихан Бөкейханның 15 томдық шығармалар жинағының тұсаукесер-көрмесін ұйымдастырады деп күтілуде. Ал, Шығыс Қазақстан 8­қазан күні, сағат 9.00­де, «Көрме» орталығында археологиялық артефактілер көрмесін, сағат 10.00­де, ҚР Ұлттық музейінде ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «Үлкен жолдың кезеңі» фотокөрмесін т.б. ұсынбақ.

Фото www.astana-akshamy.kz сайтынан алынды

Әлеуметтік желіде бөлісу:

Share to Google Buzz
Share to Google Plus
Share to LiveJournal
Share to MyWorld
Share to Odnoklassniki

ПІКІРЛЕР

WORDPRESS: 0
DISQUS: 0