Жансейіт Түймебаев – Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі

Жансейіт Түймебаев – Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі

Астана. 7-қазан. Turaninform. Құрманғали Нұрғалиев. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен Жансейіт Қансейітұлы Түймебаев Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі болып тағайындалды.

Жансейіт Түймебаевтың қысқаша өмірдерегі:

1958 жылы Оңтүстік Қазақстан облысында туған. Қазақ мемлекеттік университетін, Мәскеу мемлекеттік әлеуметтік университетінің заң факультетін бітірген;

1980-1993 жж. – Қазақ мемлекеттік университетінің ассистенті, аға оқытушысы, доценті болған;

1993-1994 жж. – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің бірінші хатшысы, бөлім бастығы қызметін атқарған;

1997-1999 ж.ж. – Қазақстан Республикасы Президенті протокол қызметінің бас сарапшысы, Қазақстан Республикасының Стамбул қаласындағы Бас консулы;

1999-2004 ж.ж. – ҚР Президенті протоколының бастығы;

2004-2006 ж.ж. – Қазақстан Республикасы Президенті протоколының бастығы – Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі;

2006-2007 ж.ж. – Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі;

2007 ж.ж. 19 қаңтарда Ж. Түймебаев ҚР Білім және ғылым министрі;

2010 жж. – 7­қазанда Қазақстанның  Түркия  Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі  болып  тағайындалды;

2011шы жылғы 3­наурыздан Қазақстан Республикасының Албаниядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарып келді.

– Екі-үш айдың ішінде бөлінген қаржының бәрі толығымен игерілуі қажет. Оның үстіне Елбасының «100 нақты қадам – Ұлт бағдарламасы» бойынша, «Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша берілген тапсырманың бәрі орындалуы қажет. Осының бәрін өздеріңіз жаңадан тағайындалған әкіммен бірге жылдың соңына дейін қол жеткізіп, еліміздің Тәуелсіздігінің 25 жылдығын үлкен мереке қылып өткізесіздер деп сенім білдіремін, – деді үкімет басшысы Бақытжан Сағынтаев облыс әкімін таныстыра отырып.

Жансейіт Қансейітұлы оңтүстік облысты оң бағытта дамыта түссе дейміз…

 

Әлеуметтік желіде бөлісу:

Share to Google Buzz
Share to Google Plus
Share to LiveJournal
Share to MyWorld
Share to Odnoklassniki

ПІКІРЛЕР

WORDPRESS: 0
DISQUS: 0