«Самғау» байқауының жеңімпаздары 10 млн теңгенің сыйлықтарын иеленбек

«Самғау» байқауының жеңімпаздары 10 млн теңгенің сыйлықтарын иеленбек

Бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде журналистер арасында өткізіліп жатқан Ұлттық «Самғау» байқауының аралық қорытындысына арналған баспасөз-конференциясы өтті.

Байқау мақсаты – қазақстандық тауар өндірушілердің имиджін жақсарту мен «Халық маркасы» сертификатына ие болған отандық өнімді насихаттау жұмыстарына БАҚ пен блогерлерді тарту.

Аталмыш шараға Бас редакторлар клубының президенті Бибігүл Жексенбай, «Халық маркасы» Қазақстандық тауарлар мен қызметтердің сапасын бақылау жүйесі федерациясының президенті Римма Тәжібаева, ҚР жеңіл өнеркәсібі қауымдастығының президенті Любовь Худова, сондай-ақ байқаудың бас демеушісі, «AllurAuto Astana» автокомпаниясы дилерлік орталығының атқарушы директоры Шыңғыс Сейсенбинов қатысты.

Баспасөз-конференциясы барысында Бибігүл Жексенбай, байқауға 74 жұмыс түскенін мәлімдеді. Жіберілген жұмыстарды көрнекті қоғам қайраткерлерінен тұратын арнайы бағалау комиссиясы, яғни байқау алқасы қарастыратынын хабарлады. Сондай-ақ, ол ұлттық «Самғау» байқауына әріптестерді, әсіресе аймақтық журналистерді белсенді қатысуға шақырды.

Журналистер арасында Ұлттық «Самғау» байқауы ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай 25 тамыз бен 10 желтоқсан аралығында өткізіледі. Байқаудың жалпы жүлде қоры 7 (жеті) номинация бойынша 10 млн. Теңгені құрайды. Соның ішінде гран-при жүлдесі –«Халық маркасы» белгісін алған, әйгілі бренд Jac S3 автокөлігі.

2016 жылдың желтоқсан айында байқаудың қорытындысын шығару жоспарлануда.

Сонымен қатар, «Халық маркасы» федерациясының президенті Римма Тәжібаева байқау қорытындысы бойынша ең үздік 16 аймақ журналисіне дүниежүзінің 12 еліне жолдама беру жоспарлануда екенін мәлімдеді. Яғни Ресей, Грузия, Армения, Әзербайжан, Украина, Тайланд, Египет, Қытай, Түркия, БАӘ, Үндістан мемлекеттеріне 2017-жылдың ақпан мен мамыр айы аралығында сауда-саттық миссиясымен жол жүретін тауарөндірушілер қатарына журналистер де қатыстырылатынын жеткізді. Бұл сапарға Қазақстаның барлық өңірінен 500-ден астам «Халық маркасы» белгісін алған тауарөндіруші шықпақ. Сауда-саттық миссиясы – Экспо­2017 көрмесін насихаттауға бағытталған шара екенін хабарлады.

Ары қарай, брифингте «AllurAuto Astana» автокомпаниясының өкілі  байқаудың басты жүлдесі –Jac S3 автокөлігімен таныстырып, қазақстандық автонарықтың өндірісі мен болашағы жайлы баяндады.

Еске саламыз, Бас редакторлар клубы 25 тамызда «Халық маркасы» Қазақстандық тауарөндірушілер федерациясымен ынтымақтастық жөніндегі Меморандумға қол қойған.

Меморандум Қазақстанның тауарлар және қызметтер нарығында өркениетті қатынастарды дамыту аясында ақпараттық қолдау көрсетуге, отандық өндірушілердің имиджін жақсарту мен  өнімдерін насихаттауға бағытталған.

«Бас редакторлар клубы» ақпаратынан

Фото liter.kz сайтынан алынды

Әлеуметтік желіде бөлісу:

Share to Google Buzz
Share to Google Plus
Share to LiveJournal
Share to MyWorld
Share to Odnoklassniki

ПІКІРЛЕР

WORDPRESS: 0
DISQUS: 0