Қызылордалықтар да «Егемен Қазақстан» газетін жаңа нұсқада алмақ

Қызылордалықтар да «Егемен Қазақстан» газетін жаңа нұсқада алмақ

Еліміздің бас басылымы «Егемен Қазақстан» газеті 1 қыркүйектен бастап түрлі-түсті нұсқада шығып жатқаны мәлім. Алайда бұл оң өзгеріс әлі де болса, аймақтарға жете қоймаған-ды. Енді бұл жұмыс та бірыңғайлануда.

Жаңа жылдан бастап қызылордалықтар да «Егемен Қазақстанды» қолдарына жаңа нұсқада алады. Бұл туралы “Егемен Қазақстан” АҚ басқарма төрағасы Дарxан Қыдырәлі Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің студенттерімен, магистранттарымен және оқытушыларымен кездесу кезінде айтты.

Университет ректоры, техника ғылымдарының докторы, профессор Қ.А.Бисенов «Егемен Қазақстан» газетінің Сыр өңірінде алатын өзіндік орнына тоқталды.

– Қызылорда еліміздің астанасы болған жылдары газет Сыр өңірінен шығып, онда ұлт зиялылары жұмыс істеді. Қазақ халқының келешегі мен рухани өмірі туралы өзекті ойлар осы жерде туып, баспа бетінде жарияланып тұрды, – деді Қылышбай Бисенов.

Сондай-ақ, қадірлі қонақ жиналған көпшіліктің көкейдегі сауалдарына да жауап берді.

Шара соңында университет ректоры қадірменді мейманды Қорқыт Ата атындағы «Алтын медальмен» марапаттады.

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің баспасөз қызметі

Әлеуметтік желіде бөлісу:

Share to Google Buzz
Share to Google Plus
Share to LiveJournal
Share to MyWorld
Share to Odnoklassniki

ПІКІРЛЕР

WORDPRESS: 0
DISQUS: 0