Әбіш Кекілбаев атындағы дәрісхана ашылды

Әбіш Кекілбаев атындағы дәрісхана ашылды

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде Қазақстанның халық жазушысы, көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, Қазақстанның Еңбек Ері Әбіш Кекілбаев атындағы дәрісхана ашылды. Шараға Қызылорда облысы әкімінің орынбасары Руслан Рустемов, Әбіш Кекілбаев шығармаларын зерттеушілермен қатар, Әбіш Кекілбаевтың зайыбы Жұмабаева Клара Жұмабайқызы, мемлекет және қоғам қайраткері, ғалым, филология ғылымының докторы  Мырзатай Жолдасбекұлы қатысты.

–   Бұрын Алматыда тұрғанда, арқамды Алатауға тірейтінмін. Кейін Астанаға көшкен соң, жазық дала, сүйенер тірек жоқ. Бірақ таң атысымен мұнда Әбіш арқа сүйерім, табан тірерім бар ғой деген ой менің көңілімді тыныштандыратын, – деп кемеңгер жазушының елге ес, сыртқа сес болған қайраткерлігіне Мырзатай Жолдасбеков те тоқталды.

Түрлі мемлекеттік дәрежедегі лауазымдарын атқарып, өнер мен мәдениеттің, әдебиеттің өсіп-өркендеуі жолында аянбай тер төккен тұлға – мәңгілік халық жадында. Бүгінгідей шаралар – соның бір дәлелі.

Жазушының зайыбы Клара Жұмабайқызы дәрісхананың ашылу рәсімінде Әбіш Кекілбаевтың елдік мүдде үшін көп еңбек сіңіргенін айтты.

Шара «Тәуелсіздік және Әбіш Кекілбаев әлемі» тақырыбындағы ғылыми конференцияға жалғасты.

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің баспасөз қызметі

Әлеуметтік желіде бөлісу:

Share to Google Buzz
Share to Google Plus
Share to LiveJournal
Share to MyWorld
Share to Odnoklassniki

ПІКІРЛЕР

WORDPRESS: 0
DISQUS: 0