Тұңғыш Президент күніне орай елордада «Көшбасшы жолы» киноэпопеясының тегін көрсетілімі ұйымдастырылады

Тұңғыш Президент күніне орай елордада «Көшбасшы жолы» киноэпопеясының тегін көрсетілімі ұйымдастырылады

«25 жұлдызды күн», «Ұлы дала елі – тәуелсіздіктің 25 негізі» кең ауқымды акциясы шеңберінде  Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күнін мерекелеуге орай 1 желтоқсанда елорда тұрғындары мен қонақтары үшін «Көшбасшы жолы» киноэпопеясы тегін көрсетіледі. Көрсетілімді Астана қаласының ішкі саясат басқармасы елордалық «Kinopark» және «Арман 3D» кинотеатрлары желісінің қолдауымен ұйымдастырады.

Кинокөрсетілім таңғы сағат 10-да басталып, күні бойы жалғасады. Бұл күні елорда тұрғындары мен қонақтарына «Мега Центр Астана», «Керуен» және «Азия парк» сауда орталықтарында орналасқан Астананың ірі кинотеатрлары қызмет көрсетеді. Көрермендер сеанстың уақытын және көретін залды өздері таңдай алады.

 

Орыс тіліндегі көрсетілімдер «Мега Центр Астана» сауда орталығында № 3 залда (сеанс сағат 10:00-де басталады) және № 4 залда (сеанс 10:40-та басталады) ұйымдастырылады.

Қазақ тіліндегі көрсетілімдер «Керуен» сауда орталығында, № 1 залда (сеанстың басталуы 11:00-де және 14:10-да).

«Азия парк» сауда орталығында киноэпопеяның екі тілдегі көрсетілімдері ұйымдастырылды: № 2 залда көрермендер орыс тілінде (10:00-де), № 5 залда қазақ тілінде ( 12:00-де) көре алады (astana.gov.kz.).

Фото balkhash.goo.kz-тен

Әлеуметтік желіде бөлісу:

Share to Google Buzz
Share to Google Plus
Share to LiveJournal
Share to MyWorld
Share to Odnoklassniki

ПІКІРЛЕР

WORDPRESS: 0
DISQUS: 0