Францияда Екінші дүниежүзілік соғыс кезіндегі бомба табылды!

Францияда Екінші дүниежүзілік соғыс кезіндегі бомба табылды!

10-желтоқсан. Turaninform. Франция астанасы – Парижден 50 шақырымдай қашық жердегі Мант-ла-Жоли қаласынан бомба табылыпты. Құрылыс алаңынан табылған бомба – Екінші дүниежүзілік соғыс кезіне жатады екен! Бұл туралы Le Figaro басылымына сілтеме жасай отырып, segodnya.ua хабарлады.

Бомба салмағы 500 кг, ал, жарылғыш заты 200 кг екен! Қауіпсіздік күштері 3000 тұрғынды зиян тимейтіндей жерге уақытша көшіріп, ондаған көшелерді жауып, көлік жүрісін уақытша тоқтатыпты. Бомба шамамен 15.30-­да табылса, оны зиянсыз ету 22.00 шамасына дейін созылған.

Екінші дүниежүзілік соғыс тұсындағы мұндай да, басқа да жарылғыш заттар ТМД көлемінде де кездесіп қалып жатады…

 

Әлеуметтік желіде бөлісу:

Share to Google Buzz
Share to Google Plus
Share to LiveJournal
Share to MyWorld
Share to Odnoklassniki

ПІКІРЛЕР

WORDPRESS: 0
DISQUS: 0