Киіктер қатаң қорғауда…

Киіктер қатаң қорғауда…

2016 жылдың 21 қарашасы мен 2017 жылдың 21 қаңтар аралығында Қазақстан биоалуантүрлілікті сақтау ассоцияциясы (ҚБСА) ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті, Ішкі істер министрлігі және РМҚК ӨБ «Охотзоопром» бірлесе отырып ақбөкен мүйізінің заңсыз саудасына қарсы ақпараттық науқан жүргізіп жатыр.

Науқанның негізгі мақсаты – киік мүйіздерін сатып алу жөніндегі хабарландырулар мен жарнамалардың таралуының алдын алып, қаскерлікпен күресу.

Қазақстанда ақбөкеннің дене мүшелерін, етін, мүйізін және басқа дериваттарын заңсыз алу, иемдену, сақтау, өткізу, әкелу, әкету, салып жіберу, тасымалдау немесе жою заңмен қудаланады. Үкіметтің қаулысына сәйкес ақбөкеннің дене мүшелерін және оның дериваттарын пайлалануға 2020 жылға дейін тыйым салынған.

Дегенмен, елді-мекендер көшелерінде және интернет кеңістігінде ақбөкен мүйізін сатып алушылардың хабарландырулары мен жарнамалары әлі күнге дейін көптен кездесуде.

Ақпараттық науқан халық назарын осы мәселеге аударып, ат салысуға шақырады. Киікті сақтау шарасына кез келген адам қатыса алады. Ол үшін киік дериваттарын сатып алам деген хабарламаларды фотоға түсіріп ҚБСА-ға, әлеуметтік желілерде (фейсбук және вконтакте) құрылған арнайы топтарға немесе What’s Uр арқылы +77781694828 нөміріне жіберу қажет. Сонымен қатар, ақбөкен мүйізінің саудасы заңсыз екендігі жазылған арнайы жапсырмаларды алып, хабарландыру жанына жабыстыру керек. Жапсырманы ҚБСА кеңселерінен немесе «Охотзоопром» бөлімшелерінен алуға болады.

Іс-шараның қорытындысы бойынша жиналған ақпараттар құқық қорғау органдарына жіберіледі.

Қазақстан биоалуантүрлілікті сақтау ассоцияциясының байланыс нөмірлері (ҚБСА):

8 (7172) 91 00 44; 8 778 169 48 28

Сүттібаев Мұхит – ақбөкен мүйізінің заңсыз саудасына қарсы ақпараттық науқанының үйлестірушісі.

Жапсырмаларды тарату нүктелерінің мекен-жайын іс-шара үйлестірушісінен ала аласыз.

Анықтама: ҚР Қылмыстық Кодексі 339-бап. Өсiмдiктердің немесе жануарлардың сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған түрлерімен, олардың бөліктерімен немесе дериваттарымен заңсыз айналысу

Өсiмдiктердің немесе жануарлардың сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген түрлерiн, олардың бөліктерін немесе дериваттарын, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған өсімдіктерді немесе жануарларды, олардың бөліктерін немесе дериваттарын заңсыз алу, иемдену, сақтау, өткізу, әкелу, әкету, салып жіберу, тасымалдау немесе жою, сол сияқты олардың мекендейтiн жерлерін жою – үш мың айлық есептiк көрсеткiшке (3000 АЕК) дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не 3 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге 3 жыл мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

ҚР АШМ Баспасөз қызметі, +7 (7172) 555-765, minagripress@gmail.com

 

Әлеуметтік желіде бөлісу:

Share to Google Buzz
Share to Google Plus
Share to LiveJournal
Share to MyWorld
Share to Odnoklassniki

ПІКІРЛЕР

WORDPRESS: 0
DISQUS: 0