Қызылордада қысқы универсиада алауы жағылды

Қызылордада қысқы универсиада алауы жағылды

28 қаңтарда, Қызылордада Алматыда өтетін 28-ші қысқы Бүкіләлемдік Универсиаданың өңірлік эстафетасын табыстау рәсімі өтті. Облыс әкімі Қырымбек Көшербаев сырбойылықтарды  эстафетаның келуімен құттықтап, қатысушыларға сәттілік тіледі.

– Бүкіләлемдік қысқы Универсиаданың сәтті өтуіне тілектестік білдіреміз. Бұл кең ауқымды  шарада жастық пен достық жеңеді деп үміттенеміз,- деді облыс әкімі.

Өңірлік эстафета алауы қаладағы Тұңғыш президент саябағынан басталып, 60 алаугер оны «Болашақ» университеті мен «Бұқарбай батыр» ескерткіші арқылы алау жағу рәсімі мен гала-концерт өткізіліп жатқан орталық алаңға апарды. Содан соң эстафета алауын Қорқыт Ата әуежайына дейін шығарып салды.

 Анықтама үшін: Эстафетаны өз деңгейінде өткізу үшін аймақтық штаб құрылды. Қызылорда облысы әкімдігінің интернет-порталында, БАҚ-та алаугерлер тізімі алдын ала жарияланды. (ЖОО-ның үздік студенттері, үздік спортшылар, мәдениет қайраткерлері, денсаулық сақтау мен білім және  төтенше жағдайлар саласының үздік мамандары конкурстық негізде таңдап алынды). Қызылорда қаласының орталық көшелері мен мөлтек аудан орталықтарында тақырыптық билбордтар орнатылып, жоғарғы оқу орындарын, қаланың көрікті жерлерін  қамтитын эстафета бағыты бекітілді. Аймақтың барлық оқу орындарында Универсиадаға арналған бұқаралық-спорттық іс-шаралар, ашық сабақтар, сурет байқаулары  ұйымдастырылды. Кітапханаларда арнайы бұрыштар жасалды.

Алауды алып жүрушілердің  қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін (облыстық ішкі істер департаментінің жедел жасағының 4 инспекторы, төтенше жағдайлар департаментінің 1 техникалық қызметкері, алдын ала дайындықтан өткен 6  спортшы) 11 адамнан тұратын  алау қорғаушылар тобы жасақталды.

Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

 

Әлеуметтік желіде бөлісу:

Share to Google Buzz
Share to Google Plus
Share to LiveJournal
Share to MyWorld
Share to Odnoklassniki

ПІКІРЛЕР

WORDPRESS: 0
DISQUS: 0