Халықаралық жиһаз көрмесі – ИЗМИР: MODEKO-2017 наурызда өтпек

Халықаралық жиһаз көрмесі – ИЗМИР: MODEKO-2017 наурызда өтпек

Биыл Түркияның Измир қаласында, 1-5 наурызы аралығында MODEKO-2017 халықаралық жиһаз көрмесі өтеді. Әлемнің 32 елінен келетін 1200-ге жуық қатысушы 5 күн бойы әлемдік стандартқа сәйкес жиһаз шығаратын измирлік кәсіпорындармен тікелей байланыс орнатуға мүмкіндік алады.

Түріктердің жиһазы сапасы жағынан халықаралық нарықта үлкен сұранысқа ие. MODEKO-2017 көрмесінде классикалық, авангард, модерн және модульдық стильдегі жиһаздың қонақүй, асүй, балалар мен жасөспірімдер бөлмесі, жатын бөлмеге арналған түрлері ұсынылмақ. Жұмсақ жиһазбен қатар орындық, үстел, шкафтың да түр-түрі сатып алушылардың көңілінен шығары анық.

CSIL зерттеу компаниясының деректеріне сүйенсек, Түркия жиһаз экспорты жағынан әлемдік нарықтың 2 пайызын иемденеді. 2003-2011 жылдар аралығында Түркияның жиһаз өнеркәсібі 292 пайызға өскен. Түркияның Жиһаз қауымдастығы – түрік жиһазшылары алдағы 2-3 жылда әлемнің үздік ондығына енуді көздеп отыр. Бүгінде түрік өнімі Ирак, Германия, Иран, Әзірбайжан, Франция, Түркіменстан, Нидерланды, Ресей, Сауд Арабиясы мен Италияға экспортталады. Ал былтыр MODEKO-2016 жиһаз көрмесіне Швеция, Голландия, Грузия, Катар, Оман, Израиль т.б. жалпы саны 32 мемлекеттен сатып алушы қатысқан.

Биыл 28-рет өткізілгелі отырған шараның басты демеушілері – Түркия Республикасы экономика министрлігі, Измир әкімдігі, Еге аймақтық кәсіпкерлер палатасы, Измир Сауда палатасы т.б.

Көрме өткізілгелі отырған Измир – Түркияның алғашқы үштігіне енетін ірі қала. Стамбұлдан кейінгі аса маңызды порт та Измирде орналасқан. 8500 жылдық тарихы бар әсем қаланың туризм саласы да жоғары дамыған. Табиғаты тамаша Измирде тарихи мұраға арналған мекендер көп. Шипалы термалды су, ыстық бұлақтар, жағажайлар бар. Өзіндік асханасымен ерекшеленетін қалада халықаралық деңгейдегі көрме, фестиваль, жәрмеңкелер жиі өтіп тұрады.

Түркия ЖІӨ көлемі бойынша, әлем елдерінің ішінде алғашқы жиырмалыққа кіреді. Тіпті 2030-жылға қарай 14-орынға дейін көтерілуі мүмкін деген болжам бар. Соған жетуде жиһаз кәсібінің де өзіндік орны бар.

 «Түркітілдес журналистер қоры» ҚҚ

 Фото roundmagazine.net сайтынан алынды

Әлеуметтік желіде бөлісу:

Share to Google Buzz
Share to Google Plus
Share to LiveJournal
Share to MyWorld
Share to Odnoklassniki

ПІКІРЛЕР

WORDPRESS: 0
DISQUS: 0