Каспий Құбыр Консорциумы киіктердің популяциясын сақтау үшін 20 млн теңгеден астам қаржы бөлді

Каспий Құбыр Консорциумы киіктердің популяциясын сақтау үшін 20 млн теңгеден астам қаржы бөлді

Киіктердің популяциясын сақтау мақсатында «Каспий Құбыр Консорциумы-К»акционерлік қоғамымен (КҚК-К) бөлінген 20 млн теңгеге Каспий маңы аймағындағы жануарларға спутниктік таңбалаумен бірге киіктердің мойнына тағылатын бау алынбақ. Жоба ҚР Ауылшаруашылығы министрлігінің (ҚР АШМ) қолдауымен Биоәртүрлілікті сақтау Қазақстандық ассоциациясымен (АСБК) жүргізілмек.

Киіктердің аурудан жаппай қырылу салдарынан басқа браконьерлер де жануарлар санының қысқаруына үлкен залал келтіруде. Себебі, олар көбіне аталық киіктерді атып алуда. Бүгінде киіктерді қорғауда дәстүрлі әдістермен қатар заманауи технологиялар да қолданылуда. Мәселен, соңғы 7 жыл ішінде табиғатты қорғау ұйымдары спутниктік бақылау жүйесін кеңінен пайдалануда. Осының арқасында, браконьерлік фактілердің саны екі есеге қысқарды. Өткен жылы ҚР АШМ инспекторларымен браконьерліктің 50 фактісі тіркеліп, киіктердің 1419 мүйізі тәркіленді, ал үстіміздегі жылдың үш айында 6 факт тіркеліп, киіктің 122 ұшасы тәркіленген.

Киіктерді қорғауда аталмыш әдістің тиімділігін ескере, КҚК”Globalstar” және «Iridium» спутниктік жүйесімен Sirtrack/Lotek моделінің таратқышымен 30 бау сатып алуды жөн көрді. Киіктердің мойнына кигізілген баулар 2-2,5 жылдан кейін өздігінен тарқатылып, түседі. Қолданған бауларды қайта қолдануға болады. Бұдан басқа, Iridium Collar G5C 175E (Solar Assist – Sirtrack) бауы қуатты сәулелік панельден алады.

Киіктерді ұстап, олардың мойындарына бау тағу жұмыстарын Қазақстанның Каспий теңізі маңындағы киік популяциясын өсіру және сақтау бойынша бірлескен бағдарламаның операторы ретінде АСБК қоғамдық қоры жүргізеді. Аталмыш жоба екі жыл ішінде киіктердің орын ауыстыру жолдарын анықтап, бақылауға, ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың дамуын жоспарлау және қорғау тиімділігін күшейтуге мүмкіндік береді. Алынған мәліметтер киіктердің барлық үш популяциясындағы ауруларын зерттеуге ықпал етпек.

Пресс-конференция барысында ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі Ерлан Нысанбаев КҚК компаниясына көрсетілген қолдау үшін алғыс айтты. «Киіктерді сақтау мәселесі – бүгінде басты міндеттеріміздің бірі және мәселені шешуге мемлекет, қоғам мен бизнес етене қатысу тиіс» деп мәлімдеді ол.

«КҚК әу бастан Қазақстан мен Ресейде экологияны дамытуға бағытталған ірі әлеуметтік жобаларды жүзеге асырып келеді. Осы аралықта қайырымдылық қызметі аясында консорциум еліміздің аймақтарының дамуына 3,4 млрд теңге құйды. Біз бұдан былай да биоәртүрлілікті сақтауға бағытталған ынтымақтастықты жалғастырып, мұндай табиғатты қорғау шараларына демеушілік көрсетуге әзірміз», – деп атап өтті «КҚК» АҚ-тың үкіметпен байланыс жөніндегі бас директорының орынбасары Қайыргелді Қабылдин.

Шара кезінде КҚК, ҚР АШМ, АСБК арасында ақпаратпен, тәжіриебемен, біліммен және гранттық қолдау ұсыну арқылы Қазақстан Республикасының биоәртүрлілігін сақтау, қалпына келтіру және зерттеу туралы меморандумға қол қойылды.

 

«Каспий Құбыр Консорциумы-К» АҚ

Айна Жетписбаева 

ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің (ҚР АШМ)

Баспасөз қызметі

Биоәртүрлілікті сақтау Қазақстандық ассоциациясымен (АСБК)

Жарболова Данара

 

Әлеуметтік желіде бөлісу:

Share to Google Buzz
Share to Google Plus
Share to LiveJournal
Share to MyWorld
Share to Odnoklassniki

ПІКІРЛЕР

WORDPRESS: 0
DISQUS: 0