Қызылорда облысында су тасқынына қарсы дайындық шаралары күшейтіледі

Қызылорда облысында су тасқынына қарсы дайындық шаралары күшейтіледі

26 сәуірде Қызылорда облысының әкімдігінде облыс әкімі Қырымбек Көшербаевтың төрағалығымен су тасқынына қарсы қауіпсіздікті қамтамасыз ету  бойынша жедел мәжіліс өтті.

– Ауыл шаруашылығы министрлігінің мәліметі бойынша біздің облысымызда су басу қаупі туындауда. Бұған себеп, Шардара мен Көксарай су қоймалары суға толып, таулы аймақтардағы жауын-шашын салдарынан жоғарыдан өте көп мөлшердегі  судың келуі. Алдын ала есептеулер бойынша Сырдария өзені арнасымен сәуір айының 30-на секундына 1600 текше метр мол судың келетіні анықталып отыр. Бұл әдеттегіден екі есе көп. Осыған орай, жұмылдыру және төтенше жағдайлар қызметтері, қала мен аудан әкімдіктерінің қабылдаған шаралары нәтижесінде дариядан осы көлемдегі суды қауіпсіз өткізу қажет,-деді облыс әкімі.

Сонымен қатар облыс әкімі  мамыр айының 15-не дейін жауын-шашынның көп көлемде болу болжамына сәйкес, су мөлшері секундына 1800-2000 текше метрге дейін өсуі мүмкін екенін айта келіп,  алдағы міндет  осы мол суды шығынсыз өткізу деді.

Мұнан соң облыс әкімінің орынбасарлары Серік Қожаниязов пен Серік Сүлейменов, қала мен аудан әкімдері, жауапты мекеме басшылары, ардагер мамандар өңірдегі ахуал туралы пікір-ұсыныстарын баяндады.

Жиын  қорытындысы бойынша  облыс әкімі Қ.Көшербаев облыс бойынша су басу қаупіне байланысты төтенше жағдайдың алдын алу шараларын жариялады. Халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін барлық мүмкіндікті пайдалана отырып, жұмыла жұмыс істеуге шақырды. Жауапты тұлғаларға нақты тапсырмалар берді. Мол суды қауіпсіз өткізуді қамтамасыз ету облыс әкімінің орынбасарлары Серік Қожаниязов пен Серік Сүлейменовке, аудандар мен қала әкімдеріне, жұмылдыру және төтенше жағдай мемлекеттік органдарының басшыларына жүктелді.

 Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

 

 

Әлеуметтік желіде бөлісу:

Share to Google Buzz
Share to Google Plus
Share to LiveJournal
Share to MyWorld
Share to Odnoklassniki

ПІКІРЛЕР

WORDPRESS: 0
DISQUS: 0