Елімізде сыбайлас жемқорлыққа бейімделген 16 салаға саралау жүргізіп жатыр

Елімізде сыбайлас жемқорлыққа бейімделген 16 салаға саралау жүргізіп жатыр

Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттігінде кезекті брифингте сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша жаңа шаралары туралы мәлім болды, деп хабарлайды BNews.kz

ҚР МҚІСЖҚА сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат департаментінің директоры Салауат Мүксімов атқарылған жұмыстағы басты акцент сыбайлас жемқорлық салдарымен күреске емес, сыбайлас жемқорлықтың алғышарттарын жоюға жасалғанын атап өтті.

«Агенттік «Атамекен» ҰКП-мен бірлесіп бизнестің дамуы үшін маңызды 16 салада сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою бойынша ауқымды жұмыс бастады», – деді спикер.

Сонымен қатар Агенттік пен «Атамекен» ҰКП-ның бірлескен жиналыстарында денсаулық сақтау, ауыл шаруашылығы, сәулет және қала құрылысы,  мемлекеттік сатып алу салаларында өткізілген анализ қорытындылары қарастырылғанын айтты.

«Аталған салалардағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдері мүдделер қайшылығымен, нормативтік-құқықтық актілердегі дискрециялық уәкілдіктің бар болуымен, мемлекеттік қызмет көрсету процедураларының жетілдірілмегендігімен байланысты. Анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою мақсатында денсаулық сақтау, ауыл шаруашылығы, инвестициялар және даму, қаржы министрліктеріне арналған тиісті ұсынымдар жасап шығарылды», – деді Мүксімов.

Мысалы, кепілдікті көлемде тегін медициналық көмек көрсету бағдарламасы аясында тауарлар мен қызметтерді сатып алу кезінде жоғарыланған талаптар қойылғандығы айқындалды, бұларды есепке алып Денсаулық сақтау министрлігіне «СК-Фармация» ЖШС-мен бірлесіп сатып алу жүйесінің әрі қарай даму стратегиясын жасап шығаруды, оның ішінде электронды форматқа көшу мүмкіндігін қарастыруды ұсынды.

Сонымен қатар, Жамбыл облысы Шу ауданының ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы жөнінде мүдделік қайшылықтар фактісі айқындалды, ол бюджет қаражатын бөлу кезінде, құрылтайшылар оның жақын туыстары болған «Бектибай», «Бектибай-1», «Самат», «Еркін» шаруа қожалықтарына артықшылығын көрсетті. Нәтижесінде 2014 – 2016 жылдар аралығында ғана олар ЖЖМ-ға жәрдем қаражат түрінде 159,9 млн теңге алды.

Сәулет және қала құрылысы саласында құрылыс-монтаж жұмыстарына лицензия беру кезінде лауазымды тұлғалардың дискрециялық уәкілдік фактісі айқындалды, оны алу үшін минималды материалдық-техникалық жабдықталу қажет. Аталған жабдықтың  минималды жиынтығы заң шеңберінде белгіленбеген, сондықтан лицензия беру субъективті факторды жоғарылатады.

«Мемлекеттік сатып алу саласында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін сыртқы саралау үстінде аталған салада мемлекеттік саясат және бақылауды жүзеге асыру бойынша Қаржы министрлігінің кұзырет қайшылығы айқындалды, өз кезегінде бұл аталған саланың дамуына кедергі болуы және әділетсіз бақылауға әкелуі мүмкін», – деді ол.

Сондай-ақ Агенттікте «Мемлекеттік сатып алудың қоғамдық мониторингі» жобасына ерекше мән берді.

«Қазір Агенттіктің барлық аумақтық департаментінде жауапты тұлғалар айқындалып, оларға порталдарды бақылау үшін цифрлық қолтаңбалар берілді» ,- деп қосты Мүксімов.

Мысалы, Алматы облысында жалпы сомасы 39 млн теңге құраған бағаларды жоғарылату бойынша  3 фактісі, Қарағанды облысында бір лот бойынша 2,3 млн теңге сомасында, Ақтөбе облысында 612 мың теңге көлемінде жоғарылату фактілері айқындалды.

Агенттік аталған жұмысты жүйелі түрде жүргізіп отырады.

BNews.kz

 Фото: today.kz

Әлеуметтік желіде бөлісу:

Share to Google Buzz
Share to Google Plus
Share to LiveJournal
Share to MyWorld
Share to Odnoklassniki

ПІКІРЛЕР

WORDPRESS: 0
DISQUS: 0