ҚР Ұлттық академиялық кітапханада «Оқу әлеміндегі оқырман ұлт» симпозиумы өтті

ҚР Ұлттық академиялық кітапханада «Оқу әлеміндегі оқырман ұлт» симпозиумы өтті

27-маусым. Turaninform. Қазақстан Республикасы Ұлттық академиялық кітапханасында «Оқу әлеміндегі оқырман ұлт» Халықаралық симпозиумы өтті. Симпозиум аясында өткен «Ұлттық­-ақпараттық саясат және халықаралық ынтымақтастық контекстіндегі Ұлттық кітапханалар» атты сессияда өзіндік өзекті мәселелер көтеріліп, қажетті тәжірибелер бөлісілді.

Сессияның мақсаты: серіктестік пен ынтымақтастық аясында халықаралық қызметті жүзеге асыруда оқуды қолдау парадигмасы мен мәдени біліктілікті арттыру және оқырман белсенділігін өсіру, Ұлттық кітапханалардың ұлттық-­ақпараттық саясатының өзекті мәселелерін талқылау.

Сессия жұмысы барысында Корея Республикасы, Иран, Қытай, Ресей т.б. елдердің кітапхана өкілдері баяндамалар оқыды. Сонымен қатар, Германия, Ұлыбритания, Италия елдері және Қазақстан Республикасы Жоғары оқу орындары мен Облыстық әмбебап ғылыми кітапханалардан кітапханашылар, оқытушылар, оқырмандар қатысты.

Оңтүстік Корея, Ресей елдерінің өкілдері жасаған баяндамада жаңалық және белгілі бір қозғалыс бары байқалды. Ал, Италиядан келген азамат қазақтың қанатты сөздерінен мысал келтіріп, бір ауыз қазақша да сөйледі.

Қазіргі кезде кітапханашыларға артылар жүк жеңіл емес. Сондықтан ғылыми­-техникалық прогрестен қалмаса, басқару ісінде ілгерілесе, оқырмандар ойымен орайласып отырса, осылайша халықаралық деңгейде тәжірибе алмасу жүрсе барып дамудан қалмайтындай…

 

 

Әлеуметтік желіде бөлісу:

Share to Google Buzz
Share to Google Plus
Share to LiveJournal
Share to MyWorld
Share to Odnoklassniki

ПІКІРЛЕР

WORDPRESS: 0
DISQUS: 0