«ҚазАгро» Ұлттық холдингі: егіс пен егін жинау жұмыстарын қаржыландыру барысы туралы

«ҚазАгро» Ұлттық холдингі: егіс пен егін жинау жұмыстарын қаржыландыру барысы туралы

Бүгінгі таңда 2017 жылдың көктемгі егіс пен егін жинау жұмыстарын жүргізу үшін Қазақстанның оңтүстік өңіріндегі 4 облыстың ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері «ҚазАгро» Ұлттық холдингінің желісі бойынша 8 миллиард теңгеге қаржыландырылды. Республикадағы көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын қаржыландырудың негізгі көзі – бюджеттен бөлінген 60 миллиард теңгені «ҚазАгроның» еншілес компаниясы «Аграрлық несие корпорациясы» ұсынып отыр.

Жалпы республика бойынша 17 шілде күнгі ахуал бойынша «ҚазАгро» компанияларымен барлық қаражат көздері есебінен 64,6 млрд. теңге сомасына 1301 өтінім қаржыландырылды, оның ішінде бюджеттік несие қаражаты есебінен – 55,6 млрд. теңге сомасына  774 өтінім.

Оның ішінде оңтүстік өңір бойынша  – 4,1 млрд. теңге сомасына 120 өтінім, оның бюджеттік несие есебінен  3,9 млрд. теңге сомасына  108 өтінім:

Оңтүстік-Қазақстан облысында –  2,5 млрд. теңге сомасына

Қызылорда облысында –  808,1 млн. теңге сомасына

Алматы облысында – 521,1 млн. теңге сомасына

Жамбыл облысында -137 млн. теңге сомасына

– АНК құрылымдық бөлімшелерінде қарастыруда 1,7 млрд. теңге сомасына 85 өтінім жатыр, с.і. оңтүстік өңір бойынша  66,6 млн. теңге сомасына 4 өтінім (Қызылорда облысы).

Естеріңізге сала кетейік, 2017 жылы көктемгі егіс пен егін жинау жұмыстарын қаржыландыру жүйесіне бірқатар өзгерістер енгізілген еді. Оның мақсаты – ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің ауқымын кеңейтіп, оларға қажетті қаржыны барынша қолжетімді ету.

  • «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ филиал желілері арқылы банк кепілдігін берумен АШТӨ тікелей қаржыландыру;
  • ауылшаруашылық кооперативтері мен ауылшаруашылық тауар өндірушілерін кейіннен қаржыландыру үшін екінші деңгейлі банктерді қорландыру.
  • несие серіктестіктерін (НС), шағын қаржы ұйымдарын (ШҚҰ) қорландыру.

Ағымдағы жылы несиелеу мөлшерлемелері төмендетілді, қаржы институттары арқылы нсеиелеу кезіндегі қарыз алушылар үшін соңғы мөлшерлеме жылдық  6%-дан аспайды.

«Азық-түлік корпорациясы» ҰК» АҚ (АКШК) ауылшаруашылық өнімін форвардтық сатып алуды жүзеге асыру арқылы көктемгі-егіс жұмыстарын жүргізуді қолдауға қатысады, осылайша АШТӨ жиналған өнімдерін кепілдендіріп өткізуін қамтамасыз етеді. Осы ретте оның сатып алатын тауарларының тізімі кеңейтілді. Егер, бұрын АКШК бидай мен арпаны сатып алған болса, онда ағымдағы жылы фермерлер май дақылдарын да (рапс, зығыр, күнбағыс, соя) өткізе алады.

11 басым бағыт анықталды, бұл: май дақылдары (күнбағыс, рапс, зығыр, соя) және арпа, қант қызылшасы, күріш, астық жүгерісі, мақта, сұлы, картоп, оларды қаржыландыру алғашқы кезекте жүзеге асырылды.

1301өтінім бойынша тапсырыс берілген несие қаражаттары АШТӨ 3,7 млн. га. алаңда дақылдар егу жұмыстарын жүргізуге ықпал етеді. Соның ішінде оңтүстік өңір бойынша 120 өтінім АШТӨ 114,8 мың га. алаңда дақылдар егу жұмыстарын жүргізуге ықпал етеді, оның басым бағыттар бойынша –  51,2 мың га (44,6%).

Осы жылы ауылшаруашылық кооперативтері арқылы көктемгі-егіс жұмыстарын қаржыландыру жалғасады.

Осылайша, ағымдағы жылы 176 АШТӨ қатысуымен 8 млрд.теңге сомасына 10 кооператив қаржыландырылды, 598,3 мың га көлеміндегі егістік алаңын өңдеуді қамтыды.

Бұдан басқа, «ҚазАгроҚаржы» АҚ желісі бойынша ү.ж. 14 шілдесі жағдайында егістікке қажет ауылшаруашылық техникасын сатып алу үшін 17,7 млрд. теңге сомасына 1230 қаржы лизингі шарттары жасалды, 5,7 млрд. теңге сомасына АШТӨ-нен 291 өтінім мақұлданды, 9,1 млрд. теңге сомасына 267 өтінім қарастырылуда.

«ҚазАгро» холдингі» АҚ баспасөз қызметі    

 Тақырып өзгертілген. Turaninform        

 

Әлеуметтік желіде бөлісу:

Share to Google Buzz
Share to Google Plus
Share to LiveJournal
Share to MyWorld
Share to Odnoklassniki

ПІКІРЛЕР

WORDPRESS: 0
DISQUS: 0