“Еркін сөз -2018” шығармашылық байқауы аяқталды…

“Еркін сөз -2018” шығармашылық байқауы аяқталды…

“Еркін сөз -2018” шығармашылық байқауы өз мəресіне жетті. Қазақтілді журналистикада (бөліну емес) экономиканың сан-саласы туралы сараптай, талдай жазу жағы əлі де кемеліне келген жоқ. Олай болса, сол бос тұсты толтырып, қазақтілді журналистердің мақалаларымен (сараптамаларымен, көзқарастарымен) əлемдік деңгейде санасатындай болуы үшін тіпті де үлкен істер атқарылуы керек.
Түркітілдес журналистер қоры осымен екінші рет ұйымдастырған бұл байқаудың да мақсаты сондай игі жолды қамтиды.

Сонымен қазылар алқасының шешімімен Бас жүлде иелері – Дина Имамбаева;
(“Үздік мақала”, “Ана тілі” газетінің тілшісі), Бауыржан Мұқан (“Егемен Қазақстан” газеті ресми сайтының тілшісі), Мерей Мұратханқызы (“Хабар24” телеарнасының тілшісі).
Бірнеше журналист ынталандыру сыйлығына ие болды. Белсене қатысқан журналистер де құр қалмай, оларға да өзіндік марапат жетті. Биыл Бас жүлде 500 мың теңге, ал, ынталандыру сыйлығы 50 000 тг болды.  Байқаудың марапаттау шарасына ақ тілегімен аға буын да қатысты. Сондай-ақ, журналистер баспалдағын қазірден көздеген балалар да тақылдап ақ тілектерін білдірді. Олар қайдан келген дейсіздер ғой. Түркітілдес журналистер қорының жанынан құрылған Жас журналистер мектебі бар болатын. Соның тəлімгерлері. Олар да “Алғыс хат” жəне бағалы сыйлықтармен марапатталды.

 Барша жүлделілерді құттықтаймыз! Байқау халықаралық деңгейге көтеріліп, ел абыройының арта түсуіне өзіндік сеп болсын деген ізгі тілегіміз бар!

 Байқаудың бас демеушісі – “Халық банкі” АҚ. Ал, қосымша демеушілер – Elmura, Zugo, Technodom, Kazakhstan Hotel, Tonus фитнес залы, MÜSIAD, TÜKİB.

Осы орайда қазақтілді журналистерді алға тартуда үлкен істер атқарып келе жатқан, аталған қор президенті Нәзия Жоямергенқызына зор алғыс білдіреміз! Еліміз биіктей берсін!

 Құрманғали Қалмахан, журналист

Әлеуметтік желіде бөлісу:

Share to Google Buzz
Share to Google Plus
Share to LiveJournal
Share to MyWorld
Share to Odnoklassniki

ПІКІРЛЕР

WORDPRESS: 0
DISQUS: 0