12-ақпан. Turaninform. Олимпиялық ойын медальдарына кететін металдарды электроника қалдықтарын қайта өңдеу арқылы тауып, сонымен шығынды жабуға Жапония жақын қалды. Келесі жылы өтетін Токио — 2020 жазғы Олимпиялық және Паралимпиялық ойындардың медальдарын жасау үшін 2700 кг қола, 4100 кг күміс және 30,3 кг алтын керек. 2700 кг қола табу мақсатына былтыр маусымда жеткен. Ал, 2018-жылдың қазанында, медальға қажетті алтынның 93,7%-ы, күмістің 85,4%-ы табылыпты. Алтын мен күмістің де межесіне жетпек…
Жапония 2014-жылы лақтырып тасталған гаджеттерден 143 кг алтын шығарып алған…
ПІКІРЛЕР