«Астана» халықаралық қаржы орталығы және Bitfury блокчейн-компаниясы стратегиялық ынтымақтастық туралы келісті

«Астана» халықаралық қаржы орталығы және Bitfury блокчейн-компаниясы стратегиялық ынтымақтастық туралы келісті

«Астана» халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) және Bitfury блокчейн-компаниясы XII Астана экономикалық форумы аясында блокчейн технологиясын пайдалана отырып, жобаларды құру саласындағы стратегиялық ынтымақтастық туралы келісті. Bitfury сондай-ақ Қазақстанда жұмыс ортасын одан әрі әртараптандыру үшін деректерді өңдеу орталықтарын ашуды жоспарлап отыр.

«Біз Қазақстанда Bitfury компаниясын қарсы алуға қуаныштымыз және АХҚО өңірдегі блокчейн технологиясының қалыптасуы мен таралуына қолдау көрсетуге дайын. Адам капиталының да дамуына қосымша серпін беретініне сенімдімін», – деді АХҚО Басқарушысы Қайрат Келімбетов.

«Біз үшін АХҚО – мен әріптестікте Қазақстанда жұмыс істеу үлкен құрмет», – деді Bitfury бас директоры Валерий Вавилов. «Біз олардың барынша ашық жүйелерге қатысты ынтамен, сондай-ақ олардың блокчейн технологияға негізделген өсіп келе жатқан әлемдік экономикаға қатысуға ұмтылысымен жігерлендірдік. Біз Қазақстан мен өңірдің азаматтарына осы бастамаларда қызмет ету мүмкіндігін асыға күтеміз».

«Bitfury Грузия Республикасы мен Украинада, атап айтқанда, өзінің блокчейн-операциялары арқасында білімді және технологияларға деген қолжетімділікті қолдайтынын көрсетті», – деді Bitfury Қазақстан басшысы Тимур Баиров. «Біз көптеген секторларда блокчейн технологиясын енгізе отырып, Қазақстан азаматтары үшін ең жақсы болашақ құруға көмектесе аламыз деп есептейміз».

Bitfury АХҚО үздіксіз кәсіби даму бюросымен әріптестікте оқыту және кәсіби даярлау бағдарламасын жүзеге асыру арқылы адами капиталын дамытуды жоспарлап отыр, осылайша стартаптар мен Қазақстан және Орталық Азияның ІТ-компаниялары АХҚО алаңында өнімдерді жасай отырып, ірі технологиялық ойыншымен ынтымақтасуға мүмкіндік алады. АХҚО Финтех хабының базасында өткен және жобаларды құрған табысты стартаптар бүкіл әлем бойынша Bitfury, оның ішінде компания өкілдері тарапынан сараптама мен тәлімгерлік ала отырып, алға жылжитын болады.

Bitfury сондай-ақ, блокчейн технологиялар қолданатын секторларын кеңейтетін АХҚО алаңында әлеуметтік жобаларды құру үшін Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігімен стратегиялық әріптестік туралы жариялады.

Сондай-ақ, Bitfury энергия тиімділігі мен табиғатқа қамқорлық жасау үшін жаңа технологияларды қолданудың жақтаушысы бола отырып, «жасыл» қаржыландыру қорын құруды жоспарлап отыр. Бұл бастама Қазақстанға жасыл экономика мен инновациялық және экологиялық өндірістерді дамыту секторына қосымша инвестициялар тартуға көмектеседі. Bitfury одан әрі даму үшін АХҚО алаңын таңдауы қаржы нарықтарының жаңа экожүйесіне, қаржы қызметтерін тұтынушылар мен инвесторлардың құқықтары мен мүдделерін қорғау, сондай-ақ сауда және инвестициялық ынтымақтастыққа инвесторлардың деген сенімінің артуы көрсеткішін білдіреді.

Анықтамалық ақпарат:

«Астана» халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен 2015 жылы «Бес институционалдық реформаны іске асыру бойынша 100 нақты қадам» Ұлт жоспары аясында құрылды. Орталық өз қызметін «Астана» халықаралық қаржы орталығы туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 7 желтоқсандағы № 438-V Конституциялық заңына сәйкес жүзеге асырады. АХҚО-ның мақсаты шикізат емес секторға баса назар аудара отырып, Қазақстанға шетелдік инвестициялардың ағынын ұлғайту, капиталдың ішкі нарығын дамыту, перспективалы қаржы салаларында жеке сараптама жасау болып табылады.

www.aifc.kz

Bitfury Group-қызметтердің толық спектрін ұсынатын әлемдегі жетекші блокчейн-компания. Bitfury тиімді технологиялардың көмегімен болашақ шешімін әзірлейді. Bitfury биткоин блокчейн қауіпсіздігі үшін инфрақұрылым мен шешімдерді жетекші жеткізуші, сондай-ақ криптовалюта мен блокчейн қауіпсіздігін сақтау үшін инновациялық жабдықты, оның ішінде жартылай өткізгіш чиптерді және жеке сипаттамалары бар мобильді дата-орталықтарды әзірлейді және шығарады.

www.bitfury.com

АЭФ

Әлеуметтік желіде бөлісу:

Share to Google Buzz
Share to Google Plus
Share to LiveJournal
Share to MyWorld
Share to Odnoklassniki

ПІКІРЛЕР

WORDPRESS: 0
DISQUS: 0