Алтын Орда мемлекетіне 750 жыл

Қазақ хандығы – Алтын Орданың мұрагері

XIIғасырдың соңы мен XIIIғасырдың  басында  Темучин Моңғолия аумағында өмір сүріп жатқан тайпалардың басын біріктіру арқылы өзінің  билігін құрды. 1206жылы  Темучин  Монғол мемлекетінің әміршісі болып жарияланды. Осы кезде  Темучинге Шыңхысхан деген атақ берілді.

Шыңғысхан XIII ғасырдың бірінші ширегінде өзінің жаулаушылық соғыстарын Орта Азия жерлеріне жүргізді. Әскери ­ – бағыт бағдарларды, соғыс тактикасын дұрыс ұйымдастыруының нәтижесінде Шыңхысхан үнемі жеңістерге жетіп отырды. Шыңғысхан қайтыс боларының алдында жаулап алған жерлерін  ұрпақтарына бөліп берген еді. Соның ішінде  Қазақстан аумағы үш ұлына тиесілі болды.Үш ұлдың ішінде Жошының үлесіне тиген жері Қазақстан территориясының біраз бөлігі еді.

Жошы ұлысына Ертіс өзенінен батыста Европа жеріне дейін, Шығыс Дешті Қыпшақ, Арал, Сырдың төменгі ағысы, Жетісудың  солтүстік шығысы қарады.Қазақстанның территориясы  алтын босағалы Ақ Орданың ұлысына тиді.

Алтын Орда атауына тоқталатын болсақ, бұл атаудың шығуы туралы әртүрлі болжамдар бар. Соның ішіндегі кең тарағаны ол Шыңғысханның үлкен ұлы  қайтыс болған соң, ұрапақтарының арасында кім ұлыс басшысы болатындығы туралы дау туындай бастаған еді. Билік туралы дауды шешу үшін Шыңғысхан  үш киіз үй : алтын босағалы  Ақ Орданы – Батуға; күміс босағалы  Көк Орданы – Орда Еженге; болат босағалы  Боз Орданы- Шайбанға тігуге бұйрық береді. Осыдан қазақ  елінің біраз жері Батуға тиеді. Алғашқы кезде Алтын Орда мемлекеті деген ұғым болмаған. Орыс деректерінде бұл атау XVI ғасырдың аяғында пайда болған.

Бату хан Алтын Орданың орталық қаласы ретінде Еділ бойында Сарай- Бату қаласын салдырды. Кейіннен Сарай Беркеге көшірілді. Бату хан Алтын Орданың өркендеуі үшін көп күш жұмсады, ол өте жақсы мемлекет басшысы,саясаткер, әрі мықты қолбасшы бола білді. Осы Бату ханның ұрпағы қазақ хандығының негізі  болып  қалыптасты. XIII ғасырдың  60 жылдарында Алтын Орда жалпыимпериялық  орталықтан бөлініп, әлемдегі ең ірі, бай, дербес мемелкетке айналды.

XIV ғасырдың бірінші жартысында Өзбек ханың тұсында ислам дінін  мемлекеттің ресми діні деп бекітті.Монғолдар уақыт өте келе түркілене бастады.ислам ықпалының күшеюіне байланысты мұсылман құқығы Шариғат біртіндеп ене бастады.

XV ғасырдың ортасына дейін Алтын Орда мемлекеті әр түрлі тарихи оқиғаларды бастан кешірді. XVғасырдың ортасында қазақ даласында Керей мен Жәнібек сұлтандар Қазақ хандығын құрды.

Керей мен Жәнібек сұлтандар олар Шыңғысханның ұрпақтары еді.Қазақ хандығының тарихында хан тағына тек  Шыңғысханның ұрпақтары ғана отыра алатын еді.

Тарихи деректерге сүйенсек қазақ хандығы сонау баста Шыңғысханнан басталып, кейіннен Алтын Орданың ханы Батудың мұрагерлері  қазақ хандығын жалғастырды десек қателеспейміз. Бұған дәлел келтірудің де қажеті жоқ. Бұл жайында Алтын Орданың хандарының тізімінен оқып білуге болады.

Алтын орданың тарихы біраз елдердің тарихы болып еептеледі.Жалпы алғанда Алтын Орданы «менікі» , «оныкі» «сенікі» деп бөліп қарайтын тарих емес. Бұл – біздің жалпы мұрамыз, өткеніміз.  Қазақтар, өзбектер, ноғайлар, , қазандық, сібірлік, қырымдық, татарлар, қарақалпақтар, және тағы басқалары үшін Алтын Орда – ортақ тарих. Кезінде орыстарға, украиндарға және белорустарға Киевтік Русь қалай ортақ болса, бізге де Алтын Орда солай ортақ.

XV ғасырда қазақ хандығы дербес мемелекет ретінде саяси сахнаға шықты2013 жылы Алтын Ордада исламды қабылдаудың 700 жылдығы болды.Ал биыл 2019 жыл  Алтын Орданың тәуелсіз мемлекет ретінде құрылғанының 750-жылдығы. Мен өз басым Қазақ хандығы Алтын Орданың  мұрагері деп білемін.Себебі тарихи деректерді оқып зерделесек  солай дейді.

Нұр – Сұлтан қаласы, №14 мектеп- гимназия 6 «Ғ» сынып оқушысы Арнұр Бауыржанұлы

Жетекшісі: Нуркасымова Фарида

Әлеуметтік желіде бөлісу:

Share to Google Buzz
Share to Google Plus
Share to LiveJournal
Share to MyWorld
Share to Odnoklassniki

ПІКІРЛЕР

WORDPRESS: 0
DISQUS: 0