С. Сихов: Береке бастауы – тынымсыз еңбек

С. Сихов: Береке бастауы – тынымсыз еңбек

Сихов Сатқали Көшмағанбетұлы 1940 жылы Маңғыстау облысы Форт-Шевченко қаласының Аташ ауылында дүниеге келген. Атамекеніміз Маңғыстауда бала жастан ат жалын тартып мініп, білім алып, елім деп емірене еңбек еткен.

1958-1962 жылдары әскери борышын өтеп, Алматыдағы Ауыл шаруашылығы институтына қабылданады.

1967 жылы институтты инженер-механик мамандығы бойынша бітіріп, еңбек жолын Сихов С.К. Форт-Шевченко қаласындағы автобазада шеберхана меңгерушісі болып бастайды. 1970 жылы сол мекемеде бас маман болып еңбек етіп, 1975-1980 жылдар аралығында директор болып қызмет етті.

1980 жылы Жетібай автобазасының директорлығына, одан әрі 1981 жылы Шевченко автобус паркінің директорлығына аустырылды. 1989 жылы Жетібай технологиялық автокөлік мекемесінің директоры болып тағайындалды.

1997 жылы Маңғыстау областық әкімшілігінде бөлім меңгерушісі, «Маңғыстау мұнай жолдары» мекемесінің директоры, ал 2003 жылы «Оil Сonstruction Сompany» ЖШС-нде директорының орынбасары болып тағайындалды. Сатқали Көшмағанбетұлы 2006 жылдан бастап зейнеткерлік демалысқа шықты.

1975-1980 жылдары Форт-Шевченко қалалық партия комитетінің Бюро мүшесі, 1981-1986 жылдары Шевченко қалалық атқару комитетінің депутаты, 1990-1996 жылдары Ералиев аудандық Кенесінің депутаты.

Жоғары білікті маман Сатқали Сихов жас кезінен өлкеміздегі Форт-Шевченко, Ақтау, Жетібай автолөлік басқармалары секілді ірі өндірістік кәсіпорындарға басшылық етіп, Маңғыстаудың қазба байлықтарын игеруге, облыстың экономикалық әлеуетін еселеп арттыруға, демек, халықтың әл-ауқатын жақсартып, тұрмысын гүлдендіруге ерекше мол үлес қосты.

Соңғы жылдары Мұнайшы, Маңғыстау, МұнайЖолдары серіктестіктерін басқара жүріп, көреген де шебер, салиқалы, жан-жақпен байланысы мол, табыскер өндіріс ұйымдастырушысы бола білді.

Сихов С.К. адамға деген үлкен ілтипат, қамқорлық еңбек ұжымдарында ерекше құрметке бөленді, халық арасында абырой, беделге ие болды.

Мейірбанды халықымызбен бірге ер жетіп, өркендеген кемеңгер Саткали Көшмағанбетұлы өмірлік серігі Дамелімен бірге өнегелі ұл-қыз, немере сүйіп қуанышты ғұмыр кешті.

Ұл өсірдің, қыз өсірдің мәпелеп.

Өмір жолын үйреттіңіз жетелеп.

Бекзат, Азат, Асхаттарың жетілді

Асқар тауын құрмет тұтқан әкелеп,

Өкпең жоқ жалындаған жас шағыңа,

Есімің жазылды еңбек дастанына… – деп Бисембіұлы Қойшыбек ақ тілегін арнаған.

Қазыналы Маңғыстау түбегінің кен орындарының ашылып, оның өңдіріс күш-қуатының өркендеуіне, экономикасының дамып жетілуіне қосқан қомақты үлесі үшін, еңбек еткен ұжымдары бағалап, құрметтейді.

Сихов Сатқали Көшмағанбетұлы көптеген алғыс хаттар, құрмет грамоталармен марапатталған.

Бар саналы өмірін мұнайлы Маңғыстау өлкесінің көркеюіне арнап, күш жігерін сарқа жұмсап еткен еңбегін кейнгі ұрпақ аса құрметпен бағалайды.

С.К. Сиховты халық алдындағы міндетін ерекше сезімталдықпен сезініп, ұланғаыйр іс тындырған абзал азамат деп білеміз.

 О.Т.Манкешева, аға оқытушы

Әлеуметтік желіде бөлісу:

Share to Google Buzz
Share to Google Plus
Share to LiveJournal
Share to MyWorld
Share to Odnoklassniki

ПІКІРЛЕР

WORDPRESS: 0
DISQUS: 0