Жол қауіпсіздігі басты назарда

Жол қауіпсіздігі басты назарда

Жол қауіпсіздігі қай уақытта болсын өзекті мәселе болып табылады.  Әсіресе, қысқы уақытта ауа-райының қолайсыздығынан автокөлік жүргізушілеріне әртүрлі кедергілер туындауы мүмкін. Ондай кедергілердің бірі – жолдың уақытында тазаланбау мәселесі. Жалпы, облыс көлемінде жолдарды қардан тазалау жұмысы жүйелі түрде жүргізіледі.  Биыл қыста Солтүстік өңірде қатты боранның соғуы, желдің күшеюіне байланысты республикалық және жергілікті маңызы бар жолдар бірнеше мәрте жабылды.  Мұндай шаралардан кейін, жолдарды қардан тазарту жұмыстарына бірнеше есе күш жұмылдырылатыны сөзсіз.  Жол активтері ұлттық сапа орталығының Солтүстік Қазақстан облыстық филиалы қызметкерлері 2020 жылдың ақпан айында республикалық және жергілікті маңызы бар автомобильдік жолдарға бірнеше мәрте бақылауға шықты. Жолдарды қардан тазалау үрдісін қадағалау нәтижесінде инженерлер А.Умралинов пен А.Грязнов Мамлют-Қостанай тас жолының 30-56 км бөлігінде, Новокаменка-Боголюбово бағыттарындағы, Есіл  және Қызылжар ауданы автожолдарының кейбір бөліктерінде қардың тазаланбағанын  анықтады. Бұл жол учаскелеріне жауапты “Петропавл жолдары» ЖШС-не ескерту хат жолданды. Сондай-ақ, Жезқазған-Петропавл бағытындағы (Арқалық қаласы арқылы) тас жолының 31-15 км- де көктайғаққа қарсы материалдың төселінбегені анықталды. Ескерту хаттар мердігер ҰФСК  “Казахавтодор”  мен тапсырушы ҰФСК  “Казавтожол” акционерлік қоғамына жолданды.  Жолдарды бақылау барысында автопавильондар мен демалыс алаңдарының да тазалануы назарда болды. “Жолдардың уақытында тазартылуы мен көктайғаққа қарсы материалдың себілуін қадағалау, – біздің міндетіміз. Өйткені, бұл шаралардың уақытында орындалуы жолдағы қауіпсіздікті қамтамасыз етеді”- дейді филиал директоры Жолдыбай Тентеков. Жалпы, облыста жолдарды қардан тазалау жұмысы күн тәртібінен түскен жоқ.

Жол активтері ұлттық сапа орталығының Солтүстік Қазақстан облыстық филиалының баспасөз хатшысы М. Асқарқызы

 Фото интернеттен алынды

Әлеуметтік желіде бөлісу:

Share to Google Buzz
Share to Google Plus
Share to LiveJournal
Share to MyWorld
Share to Odnoklassniki

ПІКІРЛЕР

WORDPRESS: 0
DISQUS: 0