Мұнай бағасы бірден 30%-дан аса төмендеді!

Мұнай бағасы бірден 30%-дан аса төмендеді!

9-наурыз. Turaninform. Brent маркалы мұнайдың 1 баррелінің бағасы бірден 30%-дан аса төмендеп, 31 АҚШ долларын төңіректеді. Бұлай кенеттен құлдырау сонау 1991-жылдан бері болмаған екен. OPEC+ келісімге келе алмады. Соңы осыған ұласты. Егер, мұнайдың ірі экспортерлары — Сауд Арабиясы, Ресей бағаны төмендетер жолдан таймаса, әлемнің көптеген елдеріндегі қаржы-валюталық жағдайға кері әсер ететіні анық. Әрине, әсіресе, экономикасы мұнайға байланған елдер үшін.

Бүгін 1 АҚШ долларының құны 75 Ресей рублінің үстіне шықты. Тек Ресейдің ғана емес, Қазақстанның ұлттық валютасы да күрт төмендеді. Тіпті көптеген валюта айырбастау пункттерінде АҚШ долларын сатып алу қызметі ғана тұр.

Әлеуметтік желіде бөлісу:

Share to Google Buzz
Share to Google Plus
Share to LiveJournal
Share to MyWorld
Share to Odnoklassniki

ПІКІРЛЕР

WORDPRESS: 0
DISQUS: 0