Халқымыздың саны бір жылда шамамен 660 мыңға артуы мүмкін емес…

Халқымыздың саны бір жылда шамамен 660 мыңға артуы мүмкін емес…

Былтыр бірінші қазанда халқымыздың саны 19 млн 62,7 мың болған. Биылғы сондай уақытта 19 692 мыңға таяған. Бір жылда шамамен 630 мыңға табиғи өсуі мүмкін емес. Мәселен, соңғы жылы, яғни, 2021ж. 246 мыңға өстік. Мұның өзі Қазақстан тарихындағы жоғары көрсеткіш саналды. 250 мыңға арттық дегеннің өзінде, кемі 400 мыңдай адамның есебі қайда?.. Тіпті бір жылда демографиялық дүмпу болды деп, 290-300 мыңға артты десе де, айырма шамамен 360-370 мың! 35 000 емес, 350 мыңдай! Бір қала ғой.​ Жыл басынан бері келген қандастар 15, 6 мың ғана… Азаматтықты оңды-солды таратқандай жағдай ғой.
Сонда қалғаны кімдер? Қандай себеппен келді?.. Қай елдің азаматтары? Азаматтықты бірден қалай алған?..
Ресейде мобилизация жарияланғаннан (21.09.22ж., азаматтықты беру тәртібінен тыс қарағанда) кейінгі күрт өсім деу де қиын. Себебі, биылғы 1-тамызда халқымыздың саны 19 644 067 адам болған. Тағы да 600 мыңның үстінде. Мәселе олардың ел азаматтығын қалай алғаны, кімдер және қайдан екені.
Азаматтықты оңды-солды беру секілді көрініс.
Әлемдегі өркениетті, демократиялы елдердің бірі Францияның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі болған Ф. Этьен мырзаның айтқаны бар, яғни, 1986ж. шетелдікке үйленген. Содан әйелі 26 жыл өткенде барып, француз азаматтығы берілген…
Ал, бізде ше?.. Неткен “кеңдік”? Азаматтықтың “саудасы” тым қызып жатқан жоқ па?..

 Құрманғали Қалмахан

 Фото интернеттен алынды

Әлеуметтік желіде бөлісу:

Share to Google Buzz
Share to Google Plus
Share to LiveJournal
Share to MyWorld
Share to Odnoklassniki

ПІКІРЛЕР

WORDPRESS: 0
DISQUS: 0