Қазақ ұлттық университетінде халықаралық конференция өтті

Қазақ ұлттық университетінде халықаралық конференция өтті

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «Тұрақты даму мақсатында халықаралық журналистиканы оқыту модельдері» тақырыбында ғылыми-тəжірибелік конференция өтті.

Аталған жиынға университет, БАҚ басшылары, журналистер, БҰҰ-ның Қазақстандағы қоғамдық ақпарат департаментінің өкілдері, шет мемлекеттердің елшіліктері мен консулдықтарының өкілдері, АҚШ, Ұлыбритания, Бельгия, Польша, Түркия, ҚХР, Ресей ғалымдары мен бұқаралық коммуникация саласының зерттеушілері, оқытушылар, студенттер, магистранттар мен докторанттар қатысты.

Басқосуда журналистік білім берудің жаңа бағыттары, медиапедагогика, журналистиканың посткәсіби әлемі, оқу бағдарламаларын бейімдеу, казіргіхалықаралық журналистика, тәуекелдер менмүмкіндіктер, заманауи медианың технологиялары мен әлеуметтік құндылықтары,өзгерістер тәуекелдері және т.б.тақырыптар талқыланды.

ҚР ғылым қызметкерлері күніне орайұйымдастырылған халыкаралық конференцияда Тұрақты даму мақсатындағы журналистік білім беру,қоғам санасындағы бұқаралық мәдениет, гендерлік тендікжәне феминистік белсенділік, халықаралық журналистикалдағы оқиғаларды қамтутақырыптарында баяндамалар оқылды.

Түркітілдес журналистер қоры серіктес болғанконференцияға Avrupa Media Holding (Ұлыбритания) пен Intermedia Brussels (Бельгия)үлес косты.

Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция аясында күндізгі-қашықтықтан оқытудыңжаңа форматын енгізу мәселелері бойынша  mass media арқылы білім беру жағдайында пән мұғалімдерінің озық практикалық және инновациялық тәжірибелерін топтастыру және таратуға байланысты ұсыныстар қабылданды.

Конференция соңында қонақтарға және іс-шараға белсене қатысқан азаматтарға арнайы сыйлықтар табыс етілді.

Әлеуметтік желіде бөлісу:

Share to Google Buzz
Share to Google Plus
Share to LiveJournal
Share to MyWorld
Share to Odnoklassniki

ПІКІРЛЕР

WORDPRESS: 0
DISQUS: 0