1-мамыр. Turaninform. Қ. Қалмахан. 1886ж. мамырдың бірінде АҚШ-та, дәлірек, Чикагода жұмысшылардың бейбіт шеруі болады. Олар жұмыс уақытын күніне 8 сағат етуді талап етеді. Полиция күш қолданады. Шеру ондаған адамның жаралануымен, қазаға ұшырауымен аяқталады.
1889ж. II Интернационалдың Париж конгресі осы оқиғаны жадымызда сақтау үшін, 1-мамырды (жыл сайын әлем болып шерулете атап өтетін) жұмысшылардың ынтымағы, ауызбірлігі күні деп жариялайды. 1890ж. АҚШ, Италия, Франция, Норвегия, Испания, Германия, Дания т.б. елдер алғаш атап өтеді. Қазіргі уақытта әлем елдерінің көбісінде, бұл мереке – еңбек, тең құқық, ынтымақ секілді ұғымдармен байланысты.
Елімізде 1996ж. бері 1-мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні. Әрі бұл күні қазақстандықтар демалады.
Фото интернеттен алынды
ПІКІРЛЕР