30-желтоқсан. Turaninform. 2039ж. қарай әлем бойынша ЖІӨ көлемінен ондыққа енетін елдерді әлі сол АҚШ бастайды. Экономикалық және іскерлік зерттеу орталығының (CEBR) болжамы осындай. Десек те, ұзақ уақыттан бері ТОП-10 тізімінен түспей келе жатқан Италия, шамамен 15 жылдан соң ондықтан шығып қалады екен. Долбарға сүйенсек, Ұлыбритания мен Франция қазіргі орнын сақтайды. Әне-міне АҚШ-ты басып озады делінген Қытай бәзбаяғы екінші орнында тұр…
Сонда ондықтан Италия шығып қалса, бір орынды қай ел толтырады? Индонезия жаппақ. Ал, CEBR тізімінде ондыққа мына елдер кірген:
1. АҚШ;
2. Қытай;
3. Үндістан;
4. Германия;
5. Жапония;
6. Ұлыбритания;
7. Франция;
8. Бразилия;
9. Канада;
10. Индонезия.
Фото интернеттен алынды
ПІКІРЛЕР