13-қазан. Turaninform. Израиль мен ХАМАС өзара келісімнің негізінде, тұтқындарын босатты. Шартқа сәйкес, Иранға сүйенетін палестиналық күш – ХАМАС 2023ж. кепілге алған адамдардың тірісін де, ендігі қайтқандарының денесін де қайтарды. Жалпы саны 48: жиырмасы тірі, қалғандары өмірден өтіп кеткендер. Ал, еврей елі болса, қамауда ұстап отырған 1968 палестиндікті босатты, яғни Палестина тарапына берді.
Ірі саяси оқиға АҚШ президентінің мұрындық болуымен іске асты. Ол Газаға қатысты бітім құжатына қол қоя отырып, екі жақтың осындай жағдайға жетуіне 3000 жыл кеткенін айтты.
Фото интернеттен алынды




























ПІКІРЛЕР