12-қараша. Turaninform. Ондаған жылдардан бері өзара саяси байланысы салқын болған АҚШ пен Сирия жаңа қарым-қатынас орнатпақ. Бұл туралы Дональд Трамп пен Ахмед аш-Шарааның Ақ үйде кездесуінде мәлім етілді. АҚШ президенті Сирия басшысына зор қолдау білдірді, өткен өмір жолы ауыр болғанын тілге тиек етсе де, «өте мықты көшбасшы» деп атады. Ахмед басшылығындағы Сирия жайнаған ел болатынын қоса кетті. Байланыстың бір белгісі ретінде алдағы уақытта Вашингтонда Елшілік ашылмақ. Сирия басшысы болса, өз елін АҚШ-пен геосаяси серіктес еткісі келетінін айтты, әрі инвестиция салуға шақырды. Сонымен қатар, Құрама Штаттардың әскери әуе базасы құрылмақ. Бірақ, Ресейдің де әскери базасы қала беретінін, бұрынғы диктаторы кезіндегі келісімдер де сақталатынын айтады. Дегенмен оның сөзіне қарағанда, Б. Асадты Кремль қайтармағанына қапалы.
АҚШ тізімінде терроршы ретінде тіркелген, бүгінгі күні содан шығарылып, ел басшысы болып мойындалып Ақ үйде құрметпен қарсы алынған Ахмед аш-Шараа Сирияны көгерте ала ма? Әрине, бұл мәселе тек АҚШ-қа немесе Сирияға ғана қатысты емес, басқа да геосаяси ойыншылармен байланысты…
Фото интернеттен алынды



























ПІКІРЛЕР