25-мамыр. Turaninform. Биыл әлемдік экономика 3,1% ғана өсуі мүмкін. Халықаралық валюта қоры мұның алдында 3,3%-ға артады деп болжаған еді. 0,2%-ға кемітудің бірден-бір себебі, Парсы шығанағындағы соғыстың салдары. АҚШ пен Иран өзара бейбіт келісімге келе алмаса, яғни, соғыс жалғасса, жаһандық экономикаға теріс әсері күшейері анық.
Өткен жылы халықаралық саудадағы қайшылықтардан әлемдік экономика соншалықты шайқалмай өте алды. Ал, биылғы ашық геосаяси тартыстардан қалай өтері белгісіз…
Фото интернеттен алынды



























ПІКІРЛЕР