АҚШ­-қа қауіп төндірер елдер аталды

АҚШ­-қа қауіп төндірер елдер аталды

Құрманғали Нұрғалиев

Әлем бойынша экономикасы алда тұрған, әскери салаға бөлетін қаржы бойынша да бірінші орындағы мемлекетке қандай да бір елден, ұйымдардан қауіп бар ма? Қауіпсіздігін сетінетіп, сергелдеңге салуы мүмкін. Бар екен. Бұл туралы Пентагонның өзі мәлім еткен. АҚШ­-тың стратегиялық әскери қорғаныс орталығы басты қауіп Ресей, Қытай, Солтүстік Корея, Иран және лаңкестік, экстремистік ұйымдардан келеді деп санайды екен.

«Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін халықаралық бейбіт өмірді бекіте түсетін институттар, басқа да құрылымдар дүниеге келгеніне қарамастан, әлі де сол қалпын сақтаған қауіпті күштер бар. Титыққа тиер» (www.segodnya.ua), – депті АҚШ Әскери күштері штаб басшылары Комитетінің төрағасы, генерал Джозеф Данфорд. Сөз арасында қауіп ретінде Ресей, Қытай, Солтүстік Корея, Иран, сонымен қатар лаңкестік, экстремистік ұйымдарды тілге тиек етіп отырғанын ескерткен.

АҚШ президенті кіші Джордж Буш кезінде де «қара тізім» жасалған болатын. Оның ішінде де Солтүстік Корея, Иран мемлекеттері бар еді…

 

Әлеуметтік желіде бөлісу:

Share to Google Buzz
Share to Google Plus
Share to LiveJournal
Share to MyWorld
Share to Odnoklassniki

ПІКІРЛЕР

WORDPRESS: 0
DISQUS: 0