Әлем бойынша орташа жалақыдан еліміз 61інші, ал, Ресей, 51­-орында…

Әлем бойынша орташа жалақыдан еліміз 61інші, ал, Ресей, 51­-орында…

31-желтоқсан. Turaninform. Құрманғали Нұрғалиев. Орташа жалақы бойынша бірінші орында Люксембург тұр. Люксембургте орташа жалақы – 3722 АҚШ доллары! Егер, ұлттық валютамызға (30-желтоқсанда 1 АҚШ долларының бағамы 333,28 теңге болды) шақсақ, бұл шамамен 1 240 468 теңге!

Еліміз биыл 339 АҚШ долларымен 61-­орынға жайғасыпты. Ресейде орташа жалақы – $570. Тиісінше, бізден ілгері: 51­-орында. Бұрынғы КСРО-­ға кірген елдердің ішінде орташа жалақы бойынша отыздыққа енген бірде­бір мемлекет жоқ. Дегенмен, Балтық жағалауы елдері – Эстония ($1150, 33­-орын), Литва (1007, 37­-орын), Латвия ($1007, 38­-орын), салыстырмалы түрде алғанда, отыздыққа жақын тұрғанын әрі өздері секілді Кеңес Одағына кірген мемлекеттерден оқ бойы озық тұрғанын атап өткен жөн.

Сонымен алдыңғы ондыққа қай елдер енген? Ақпарат төменде…

 Орташа жалақы бойынша Топ-2016:

  1. Люксембург – $3722;
  2. Норвегия –$3654;
  3.  АҚШ – $3263;
  4. Австрия – $3122;
  5. Оңтүстік Корея – $2852;
  6. Бельгия – $2756;
  7.  Ирландия – $2722;
  8. Финляндия – $2656;
  9. Франция – $2621;
  10. Ұлыбритания – $2609

Фото 7kun.kz-тен

Әлеуметтік желіде бөлісу:

Share to Google Buzz
Share to Google Plus
Share to LiveJournal
Share to MyWorld
Share to Odnoklassniki

ПІКІРЛЕР

WORDPRESS: 0
DISQUS: 0