Қызылордада аймақтағы су тасқынына қарсы атқарылған жұмыстар қорытындыланды

Қызылордада аймақтағы су тасқынына қарсы атқарылған жұмыстар қорытындыланды

6 сәуір күні Қызылордада облыс әкімі Қырымбек Көшербаевтың төрағалығымен су тасқынына қарсы іс шаралардың қорытындысына арналған жиын өтті.

Жиынды аша отырып облыс әкімі су тасқыны кезінде жауапты тұлғалардың ұйымдасқан жұмыстарының нәтижесінде  кісі өліміне жол берілмегенін және  тұрғын үйлерге нұқсан келмегенін атап өтті. Құтқару жұмыстары кезінде ерекше көзге түскен 5 адам үкіметтік наградаларға ұсынылды. Тағы 19 адам облыс әкімінің алғыс хаттарымен марапатталды.

Дегенмен, Қазалы және Қармақшы аудандарында су тасқыны кезінде мал шығыны болды. Осы жағдайды ескере отырып, облыс әкімі Қ.Көшербаев алдағы уақытта тек қана ескертулер мен парақшалар таратумен шектелмей, міндетті түрде су басу аймағынан малдарды шығаруды тапсырды.

– Мал өлімінің орын алуы біріншіден шаруашылық қожалықтарына, екіншіден аймақ экономикасына шығын әкеліп отыр. Алдағы уақытта осындай шығындардың болмауын басты назарда ұстап, алдын алу шараларын тұрақты түрде жүргізуіміз қажет,-деді Қ.Көшербаев.

Құзырлы мекемелердің басшылары өзендегі жағдай туралы баяндады.

Облыс әкімі қазір сең облыс аумағынан өткенімен, тасқын қаупі әлі де бар екенін  атап өтті. Қ.Көшербаев келеңсіз жағдайлардың алдын алу бойынша бірқатар нақты тапсырмалар берді.

 Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

Әлеуметтік желіде бөлісу:

Share to Google Buzz
Share to Google Plus
Share to LiveJournal
Share to MyWorld
Share to Odnoklassniki

ПІКІРЛЕР

WORDPRESS: 0
DISQUS: 0