С. Альварес және Г.Головкин: кім жеңуі мүмкін?..

Геннадий мен Саульдің бокстасуы осы жылдың қыркүйегінде өтетіні жарияланды. Г. Головкинге тиесілі WBA, IBF және WBC нұсқалары бойынша орта салмақ дәрежесіндегі әлем чемпионы атағы үшін тартыста кім жеңуі мүмкін? Бірінен бірінің қандай басымдығы бар? Қайсысы мықтырақ? Аздап сарапқа салсақ…

Бірінші. Тәжірибесі жағынан алғанда Сауль Альварестің жасы кіші болса да кәсіпқой бокстағы кездесуі Головкиннен көп. Альваресте 51 кездесу, Головкинде 37. Бұл да өзіндік басымдық болып көрінеді. Бірақ, алысқа бармай­-ақ Владимир Кличко жақында ғана, Энтони Джошуадан әжептәуір тәжірибелі бола тұра нокаутпен ұтылғанын да естен шығармайық. Екінші. Жылдамдық. Бұл қыр біраз нәрсені анықтайды. Дегенмен, екі боксшы да пәлендей жылдам емес. Орта деңгейдің айналасы. Екеуі де аутфайтерге жатпайды. Үшінші. Қорғаныс. Геннадийдің де, Саульдің де қорғанысын егер, кіші Флойд Мейвезердікімен салыстырсақ, мықты емес екені байқалады. Төртінші. Жас шамасы. Г. Головкин С. Альварестен сегіз жас үлкен: 35-те. Сауль – 27-­де. Жас шамасы ойнамай тұрмайды. Десек те, Сауль жасы Геннадийден де үлкен Флойд Мейвезерден айқын жеңілгенін есте ұстаған жөн. Бесінші. Панчер (нокаутшы) қайсысы? Екеуінің де нокаутпен жеңу саны шамалас. Сауль 51 кездесуінің 34-­ін нокаутпен аяқтаған. Геннадий болса, 37 кездесуінің 33-ін нокаутпен жеңген. Бірақ, пайызға шаққанда Головкиндыкы жоғары немесе анық нокаутшы секілді көрсетеді. Неге «секілді» дедім. Себебі, Геннадийде бұған дейін Саульдей қарсылас болған жоқ. Ал, Саульде үздік те қауіпті қарсыластар болды. Мысалы, ол үздіктігі әбден мойындалған кіші Флойд Мейвезер, Шейн Мозли, Мигель Котто секілді боксшылармен жұдырықтасты. Амир Ханды нокаутқа жібергенін қоспағанда. Сонымен қатар, Флойд Мейвезерге қарсы Рикки Хаттон шыққанда, соңғысының нокаутпен жеңгендерінің саны көп болатын. Әрі жеңіліп көрмеген еді. Сөйте тұра Флойдтың бір ғана чек-­хугы оның бірінші рет, әрі нокаутпен жеңілуіне жол ашты! Алты. Бокстасу кезінде-­ақ жүрісті жедел өзгертуі. Екі боксшының да біржақтылығы басым. “Стандартты” боксшылар. Дегенмен, сәл Саульде “стандарттан” шығуда басымдық бар деген дұрыс сияқты. Жеті. Қайсысы өз салмағында? Сауль бірінші орта салмақтың боксшысы. Геннадий орта салмақтан. Сауль болса, Геннадийдің салмағында бокстасады. Бұл Альвареске ауырлау, керісінше, Головкиннің оң жамбасына келіп тұр. Сегізінші. Соққы жұмсаудағы басымдық. Апперкот жағынан басымдық Геннадийде сияқты. Бірақ, екеуінің джеб соққысымен ерекшеленуі байқала қоймады. Ал, хук екеуінде де осал болмаса керек…

  Құрманғали Нұрғалиев

 

Әлеуметтік желіде бөлісу:

Share to Google Buzz
Share to Google Plus
Share to LiveJournal
Share to MyWorld
Share to Odnoklassniki

ПІКІРЛЕР

WORDPRESS: 0
DISQUS: 0