Франция Түркияның Сириядағы әскери әрекеттеріне байланысты БҰҰ ҚК шұғыл жиналысын өткізуді ұсынды

Франция Түркияның Сириядағы әскери әрекеттеріне байланысты БҰҰ ҚК шұғыл жиналысын өткізуді ұсынды

22-қаңтар. Turaninform. Сирияның Африн аймағында әскери әрекеттерін бастаған Түркияға қатысты, Франция БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесін шұғыл жиналыс өткізуге шақырды. 20-қаңтарда әскери әрекеттерін бастап кеткен Түркия жүзден аса әуеден соққы беріп үлгірген.

Енді әңгіменің екінші жағына қатысты. БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіне осы айда төрағалық етіп отырған Қазақстанның әрекеті қандай болмақ? Қандай саяси қадамға барады? Түркиямен байланысымыз әжептәуір, бірақ, Сирияның тұтастығының бұзылғаны да анық. Сонымен қатар, Түркия Сириядағы әскери әрекетін күрдтерді демеуде деп АҚШ-­ты сынай отырып бастады. Осы айдағы уақытша төрағалығы біткенге дейін уақытты соза тұруға саяси күш­-жігері жете ме? Жетсе де бұл абыройлы жол болып саналады ма деген сауал да соңынан шыға келеді…

Әлеуметтік желіде бөлісу:

Share to Google Buzz
Share to Google Plus
Share to LiveJournal
Share to MyWorld
Share to Odnoklassniki

ПІКІРЛЕР

WORDPRESS: 0
DISQUS: 0