Деонтей Тайсонмен тең түсті…

Деонтей Тайсонмен тең түсті…

Кәсіпқой бокстың аса ауыр салмақта WBC нұсқасы бойынша әлем чемпионы Деонтей Уайлдер мен үміткер Тайсон Фьюри арасындағы кездесу тең аяқталды. Есеп: бір төреші Деонтейге 115:111, екіншісі Тайсонға — 114:110, үшіншісі тең ұпай — 113:113 қойды.

Осылайша, кәсіпқой бокста бұған дейін жеңіліп көрмеген нокаутшы Деонтей, баяулау көрінетін, ебедейсіз қимылдайтын Тайсонды жеңе алмады. Иә, екі рет нокдаунға түсірді. Бірақ, бұл да жеңіске жетелей алмады.

Сонымен Деонтей Уайлдер аса ауыр салмақтың WBC нұсқасы бойынша әлем чемпионы атағында қалды. Тайсон үшін де тең түсу аз абырой емес. Себебі, Деонтей бұған дейін кәсіпқой бокста 40 рет жекпе-жекке шығып, соның бәрінде жеңген, жәй емес, 39ын нокаутпен аяқтаған боксшы болатын.

 Құрманғали Нұрғали

Әлеуметтік желіде бөлісу:

Share to Google Buzz
Share to Google Plus
Share to LiveJournal
Share to MyWorld
Share to Odnoklassniki

ПІКІРЛЕР

WORDPRESS: 0
DISQUS: 0