Теңге АҚШ долларына шаққанда тарихта болмаған деңгейге дейін төмендеді

Теңге АҚШ долларына шаққанда тарихта болмаған деңгейге дейін төмендеді

29-желтоқсан. Turaninform. Ұлттық валютамыз АҚШ долларына шаққанда тарихта болмаған деңгейге дейін төмендеді. «Таңертеңгілік және күндізгі сессияның қорытындысы бойынша АҚШ долларының орташа сараланған бағамы бір долларға 384,20 теңгені (+3,76 теңге) құрады» делінген Қазақстан қор биржасының (KASE) сайтында. Бұған дейін ең төменгі ресми бағам 2016-жылдың қаңтарында болған еді.

Мұнай бағасының, ресейлік рубль құнының төмендеуі теңгеге үлкен өзіндік әсерін тигізуде. Теңгені қысқан аталған екі фактормен қатар, басқа да себептер артса, ұлттық валютаның жағдайы тіпті қиындауы мүмкін…

Әлеуметтік желіде бөлісу:

Share to Google Buzz
Share to Google Plus
Share to LiveJournal
Share to MyWorld
Share to Odnoklassniki

ПІКІРЛЕР

WORDPRESS: 0
DISQUS: 0