РФ Мемдума депутаты Е. Федоров: …Қазақстан территорияны Кеңес Одағынан жалға алған

РФ Мемдума депутаты Е. Федоров: …Қазақстан территорияны Кеңес Одағынан жалға алған

14-желтоқсан. Turaninform. Қ. Нұрғали. Тағы бір РФ Мемдума депутаты – Е. Федоров Қазақстан мемлекетіне, территориясына қатысты ауыр сөз айтты. Ол бұған дейін Мемдума депутаты В. Никоновтің: “…Қазақстан территориясы Ресей мен КСРО-ның үлкен сыйлығы” деген сөзін қуаттады. Артық ештеңе айтпады деп РФ президенті В. Путиннің бұрынғы айтқан сөзін меңзей кетті. В. Никоновтың сөзіне Е. Федоров: “…Қазақстан территорияны Кеңес Одағынан жалға алған” дегенді де қосып қойды.

“Кеткілеріңіз келе ме, Назарбаев, Тоқаев, СІМ? Жақсы, шабаданыңды ал да, территорияны қайтар, Верный қаласы – Алматыны, қалған бүкілін қайтарыңыздар да кете беріңіздер, – деді. Е. Федоров қазіргі РФ билігі партиясының (“Единая Россия”) мүшесі саналады. “НұрОтан” партиясынан Мәжіліс депутаты болған қазақстандықтар Ресейге кеткен кей территориямызды осылай қозғап жатқанын елестетіп көріңіз…

Қазақстан СІМ-і мұның алдында Мемдума депутаты В. Никоновтің сөзіне қатысты Ресейге нота жіберген еді.

 Фото интернеттен алынды

Әлеуметтік желіде бөлісу:

Share to Google Buzz
Share to Google Plus
Share to LiveJournal
Share to MyWorld
Share to Odnoklassniki

ПІКІРЛЕР

WORDPRESS: 0
DISQUS: 0