Н. Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасы қызметінен кетті

Н. Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасы қызметінен кетті

28-сәуір. Turaninform. ҚР Тұңғыш президенті Н. Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасы қызметінен кетті. Ендігі төраға – ҚР президенті Қ. Тоқаев.

– Қазақстан халқы Ассамблеясы тірек ретінде іс басындағы Президенттің жанында тұруы тиіс және екінші жағынан Мемлекет басшысы да Ассамблеяға арқа сүйейді. Сондықтан мен Ассамблеяны басқару құқығымды Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа беру туралы шешім қабылдадым, –  деді Н. Назарбаев.

Бірақ, Президент өтінішімен құрметті төраға болып қалды. Қазақстан халқы Ассамблеясы 1995-жылы құрылған.

 Фото: assembly.kz

Әлеуметтік желіде бөлісу:

Share to Google Buzz
Share to Google Plus
Share to LiveJournal
Share to MyWorld
Share to Odnoklassniki

ПІКІРЛЕР

WORDPRESS: 0
DISQUS: 0