ҚР БҒМ: Білім басқармасын министрлікке қарату бойынша жұмыстар жүргізілуде

ҚР БҒМ: Білім басқармасын министрлікке қарату бойынша жұмыстар жүргізілуде

8-желтоқсан. Turaninform. Білім саласында түрлі дау-дамай, парақорлық, жемқорлық тағы басқа мәселелер әлі де аз емес. Соған сәйкес, басқаруды тиімдірек ету бағытында облыс және республикалық маңызы бар қалалардағы Білім басқармаларын тікелей министрлікке қарату туралы тақырыпты қозғадық. Осыдан бірер уақыт бұрын.

Осыған қатысты ҚР Білім және ғылым минстрінің бірінші орынбасары Ш. Каринованың жауабы былай шықты: Президент білім беру мекемелерін басқару және бюджеттік әкімшілендіру функцияларын аудандық деңгейден облыстық деңгейге ауыстыруды тапсырған болатын. 2021 жылғы қаңтардан бастап білім беру саласындағы басқару жүйесі өзгерді, аудандық және қалалық білім бөлімі облыстық деңгейге берілді.

Облыс және республикалық маңызы бар қалалардағы Білім басқармасын тікелей министрлікке қарату мәселесі бойынша зерделеу жұмыстары жүргізілуде.

 Фото интернеттен алынды

Әлеуметтік желіде бөлісу:

Share to Google Buzz
Share to Google Plus
Share to LiveJournal
Share to MyWorld
Share to Odnoklassniki

ПІКІРЛЕР

WORDPRESS: 0
DISQUS: 0