Төменгі жалақы он жыл бұрынғымен шамалас немесе жұрт неге “Дай” дей береді?..

Төменгі жалақы он жыл бұрынғымен шамалас немесе жұрт неге “Дай” дей береді?..

Төменгі жалақы – елдің әлеуметтік жағдайын байқауда, анықтауда негізгі өлшемдердің бірі. Әлеуметтік саясаттың қалай жүріп жатқанын білуде де, зерттеуде де маңызды қызмет атқарады.

Обалы не керек, елімізде 2000 жж. басынан бергі он жылдай уақытта төменгі жалақы АҚШ долларымен есептегеннің өзінде, елеулі өскен. Егер, соңғы онжылдықпен салыстырсақ, солай.

Мына диаграммаға қарасаңыз. Жоғарғы нүкте 2013-жылдағы төменгі жалақы көрсеткіші. Сол жылы төменгі жалақы 122,6 АҚШ доллары болған. Байқасаңыздар, соған әлі жете алмай келеміз. Тіпті құлдырай келе екі еседей азайған да жылды бастан өткердік.

Абырой болғанда, ҚР президенті Қ. Тоқаевтың Жолдауына сәйкес, келесі жылдан бастап, төменгі жалақы көтеріледі: 60 мың теңге болмақ. Егер, теңге АҚШ долларына шаққанда, шамамен осы  деңгейде тұрса, алғаш рет 2013-жылғы деңгейден асамыз.

Халық арасында «Дай…» дей берушілердің арту себебінің бір сыры осында, яғни, төменгі жалақы он жылғы бұрынғымен шамалас. Ал, содан бері азық-түлік пен қызмет көрсету бағалары сан рет өсті. Теңге үш еседей құнсызданды.

Ел мемлекеттік қызметкерлер мен полициядан, мұғалімдер мен дәрігерлерден ғана тұрмайды ғой. Әрине, олардың жалақысы артуына қарсылық жоқ. Бірақ, әлеуметтік жағдай дегенде тұтастай қарау қажет.

Экономика нақты есептер мен өзгермелі құбылыстардан тұрады. Жасырамын деуге де келмейді, жайдақ жүрісті, жайбарақаттықты да көтермейді…

 Қ. Қалмахан

 Фото интернеттен алынды

Әлеуметтік желіде бөлісу:

Share to Google Buzz
Share to Google Plus
Share to LiveJournal
Share to MyWorld
Share to Odnoklassniki

ПІКІРЛЕР

WORDPRESS: 0
DISQUS: 0