11-мамыр. Turaninform. “Атамекен” ұлттық кәсіпкерлер палатасы басқармасының экс-төрағасы Абылай Мырзахметов 30 млн доллар пара алды деген күдікпен ұсталды. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі өкілі бұл туралы былай деді: “Сотқа дейінгі тергеу басталғанын растаймыз. Тергеу іс-шаралары жалғасып жатыр. Қылмыстық-процессуалды кодекстің 201-бабына сәйкес басқа ақпарат жария етілмейді.”
А. Мырзахметов “Атамекен” ҰКП төрағасы қызметінен өткен жылдың ақпан айында кетті. Сонымен қатар, ол осыдан жиырма жыл бұрын “Мемлекеттік мүлікті ұрлауды ұйымдастырды” деген айыппен шартты түрде 5 жылға бас бостандығынан айрылған еді.
Фото интернеттен алынды
ПІКІРЛЕР