ШҚО полицейлері синтетикалық есірткі таратқан курьерді ұстады

ШҚО полицейлері синтетикалық есірткі таратқан курьерді ұстады

Шығыс Қазақстан облысы ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері «Рефлекс» жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында есірткі сақтады деген күдікпен Өскемен қаласының 42 жастағы тұрғынын ұстады, ол оңай олжаға қол жеткізу мақсатында психотроптық заттарды байланыссыз тәсілмен өткізіп отырған.
– Күдіктінің пәтерін тінту барысында жасыл, қызғылт және ақ түсті ұнтақ пен түйіршіктер түріндегі заты бар 55 полимерлі пакет пен түйіншек, буып-түюге және өлшеуге арналған электрондық таразы құрылғылар тәркіленді.
Сарапшының қорытындысына сәйкес, алынған зат жалпы салмағы 119,9395 г «α-пирролидиналерофенон» психотроптық заты болып табылады,- деді ШҚО ПД бастығы Сағат Мадиев.
Тәртіп сақшылары қаскөйдің заңмен тыйым салынған заттарды өзі өлшеп қана қоймай, сонымен қатар ғаламтор қосымшасы арқылы қаланың әртүрлі аудандарында «құпия орындарда» затты қойып кетіп тапсырысты орындап жүргені анықтады. Күдікті азамат «бос жұмыс орындары туралы» тегін хабарландырулар сайтында жалақысы жоғары жұмыс туралы хабарландыруды көріп, ақша таппақ болған.
Қазіргі уақытта күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 297-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, баптың санкциясымен 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.
ШҚО Полиция департаменті, егерде  Сіз есірткі заттарын пайдалану, тарату немесе дайындау фактілері туралы білсеңіз, жақын маңдағы полиция бөлімшесіне немесе 102 телефоны бойынша
 ШҚО ПД баспасөз қызметі

Әлеуметтік желіде бөлісу:

Share to Google Buzz
Share to Google Plus
Share to LiveJournal
Share to MyWorld
Share to Odnoklassniki

ПІКІРЛЕР

WORDPRESS: 0
DISQUS: 0