Р. Мамырбек атындағы байқау мәресіне жетті…

Р. Мамырбек атындағы байқау мәресіне жетті…

27-маусым. Turaninform. Қ. Нұрғали. Журналистер арасында алғаш рет өткен – айтулы журналист, марқұм Рахат Мамырбек атындағы байқау мәресіне жетті. Саяси журналистика бойынша республикалық бәйгеге ондаған шығармашылық дүниелер бабы мен бағын сынай түскен. Қазылар алқасының мүшесі болды делінген белгілі журналист Б. Орынбетова ханым: “Мақалалар арасында мықтылар көп болды”, – деді. Дегенмен байқау
шартына сәйкес, екі ғана номинация белгіленген: «Ең үздік сараптама мақаласы» және «Ең үздік сараптама видеосы». Соған сай, «Ең үздік сараптама мақаласы» номинациясында Turaninform ақпараттық-сараптамалық порталының бас редакторы Құрманғали Қалмаханның сараптамалық мақаласы жеңіп шықты. Ал, «Ең үздік сараптама видеосын» “Жетісу” телеарнасының бағдарлама жүргізушісі Айбек Қуттыбек жеңіп алды.

Саяси журналистиканы арнайы сала қылып алғаны орынды болды деп ойлаймын. Себебі, әсіресе, қазақтілді журналистикада саяси бағытқа қалам тарту жаңа бір серпінді керек етіп жатқандай еді. Егер, сыпайылап, бер жағынан алсақ. Соған дөп түскен екен. Сондықтан байқауды ұйымдастырып, басы-қасында болған, бүгінде журналистиканың жуан ортасынан орындарын алған азаматтар – Есей Жеңісұлы мен Қасым Аманжол мырзаларға, аты аталмай қалғандар болса, сол кісілерге де рахмет. Достық та, әріптестің әрі мен мәні де осындай кездерде де көрінсе керек, сірә. Әрі әруақ алдындағы осы бір ізгі тірлігі – қазіргі қоғамға, кейінгі ұрпаққа өнегелі дүние.

Сонымен қатар, әділ қазыларға да, демеушілік еткен азаматтарға да алғыс. Байқауды қолдаған – Ғабиден Құлахмет атындағы қор.

Әлеуметтік желіде бөлісу:

Share to Google Buzz
Share to Google Plus
Share to LiveJournal
Share to MyWorld
Share to Odnoklassniki

ПІКІРЛЕР

WORDPRESS: 0
DISQUS: 0