6-қыркүйек. Turaninform. Қазіргі ғылым адамзаттың жүз жылдан аса өмір сүруіне мүмкіндік беретіндей деңгейге жақындады. Ағылшын жазушысы, биомедициналық геронтолог Обри ди Грей осылай дейді. Ал, Нобель сыйлығының лауреаттары – Э. Шарпентье және Дж. Дуднаның генетиканы зерттеу технологиясы тұқым қуалайтын ауруларды жеңумен байланысты. Көпке белгілі, адамдардың бір бөлігі генетикалық ауру салдарынан қайтып жатады.
Егер, биомедициналық технологиялар осылай дами берсе, адамның 200 жыл өмір сүруі қалыпты саналуы мүмкін дейтін де пікір бар. Ұзақ ғұмыр кешу адамзатқа жат емес. Мәселен, Нұх (а.с.) пайғамбар 1000 жылдай өмір сүрген делінеді.
Фото интернеттен алынды
ПІКІРЛЕР