Мемлекеттік сатып алу туралы заң жобасы талқыланды

Мемлекеттік сатып алу туралы заң жобасы талқыланды

Бүгін Астанада «Парасат» кәсіпкерлер альянсы Үйлестіру кеңесінің отырысы өтті. Онда мемлекеттік сатып алу туралы заң жобасы талқыға салынды.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің мәліметінше, қазіргі күні мемлекеттік сатып алулар – сыбайлас жемқорлық жиі кездесетін салалардың бірі. Қатысушылар заң жобасының нормалары, Мемлекет басшысының көптеген тапсырмаларын, соның ішінде отандық тауар өндірушілерді қолдау, адал бәсекелестік, дамыған және инклюзивті экономика құру мәселесі талқыланды.
«Бизнесте ашықтық пен тең мүмкіндік беру үшін не істеу керек?» деген сұрақты төтесінен қоятын кез келді. Соған орай, жаңа заңның тұжырымдамасын жасау үшін, сарапшылар қауымдастығы бірінші кезекте жергілікті мүдделерге жауап беретін мемлекеттік сатып алудың құқықтық нормасын қалыптастыру қажет деп санайды.

Мүгедектер ұйымдарының мемлекеттік сатып алуларға қатысудағы көретін қиындығы, тиісті қолдаудың жоқтығы және олардың арасында ретсіз бәсекелестіктің болуы да қызу қозғалды, – деп хабарлады, «Қазақ зағиптар қоғамы» КБ басқарма төрағасының көмекшісі Бөкенбаев Азат. Сондай-ақ, «Қазақ зағиптар қоғамы» ҚБ президенті Омарханова Сайлаугүлдің сөзінше, «Мемлекетік сатып алу туралы» жаңа заңға ең алдымен отандық тауар өндірушілердің мүддесін көздейтін тұжырымдамылық ұсыныстар, Үйлестіру кеңесінің мүшелері болып табылатын Мәжіліс депутаттары арқылы, Парламент Мәжілісіне ұсынылатын болады.

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Индустрия және құрлыс министрлігі тарапынан 300-ден аса электронды өнімдерді өндіру секторына кедергі жасағаны мәселе ретінде қаралды. Мәселен, соның нәтижесінде, ірі өндіруші кәсіпорындар, отандық өндірушілер және халықаралық компаниялар (мысалы Samsung.Siemens.Shneder және басқа американдық және еуропалық компаниялар) зардап шекті. ) Қазір олардың көпшілігі өндіріс орталықтарын Өзбекстанға және басқа елдерге көшіруде. Аталған саланың шығыны ондаған миллион АҚШ долларын құрауы мүмкін.

Бірақ, электроника саласы ғылымды ең көп қажет ететін сала. Өкінішке орай , Индустрия және Құрылыс министрлігі , сондай-ақ басқа да мемлекеттік органдар бизнес өкілдерінің көптеген өтініштеріне ешқандай жауап бермейді!

Бұл саладағы жағдай аянышты күйде.

«Элеко» ЖШС да қалың дағдарыста. Бұл кәсіпорын: жерүсті доңғалақты көліктің қауіпсіздігін бақылау және сонымен қамтамасыз ету, борттық жабдықты әзірлеуден бастап өндіруге дейінгі толық өндірістік циклді жүргізіп спутниктік жүйелерді әзірлеуші болып табылады.

Сонымен қатар, АЭА құрамына кіретін және телекомуникациялық құрал жабдықтарды шығаратын Электес Алатау ЖШС дағдарысты жағдайда тұр. Шикізат жетіспеуіне байланысты өндіріс тоқтатылды (тоқырау 45 күн), компанияның экспорттық нарықты дамыту бойынша барлық күш жігеріне қауіп төніп тұр. Әрі қарай, айыппұлдар салынуы және отандық өндірушілердің тізілімінен шығару мүмкін.

Басқа да бірқатар компанияларға жабылу қаупі бар. Әсіресе, ең көп білімді қажет ететін салаға қауіп төңіп тұр.

Анықтама үшін. Баспасөз конференциясына қатысқан спикерлер:

1 Бапи Ермұрат Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты , Үйлестіру кеңесі нің төрағасы

2 Олег Пак Парасат Кәсіпкерлер альянсы  АК басқарма төрағасы , Қазхимөнеркәсіп МК төрағасы Үйлестіру кеңесінің тең төрағасы

3 Андреев В И  NTP Kazecotech ЖШС бас директоры , Ұлттық орган жанындағы 102 техникалық комитетінің төрағасы стандарттау , Үйлестіру кеңесінің мүшесі

4 Лазаренко В Н Элеко  ЖШС директоры

5 Бөкенбаев А Қ ҚБ басқарма төрағасының көмекшісі Қазақсан соқырлар қоғамы

6 Омарханова С А Қазақстан саңыраулар қоғамы ҚБ президенті

 «Парасат» кәсіпкерлер альянсы Үйлестіру кеңесі

Әлеуметтік желіде бөлісу:

Share to Google Buzz
Share to Google Plus
Share to LiveJournal
Share to MyWorld
Share to Odnoklassniki

ПІКІРЛЕР

WORDPRESS: 0
DISQUS: 0