Қазақстанда теңізші болу қиял емес, жүзеге асырылымды мақсат

Қазақстанда теңізші болу қиял емес, жүзеге асырылымды мақсат

Теңізші мамандығын таңдаған адамдар үшін кемеде жұмыс істеу-бұл тек қана кәсіп емес, осыған қоса өмірдің мақсаты, балалық арманның жүзеге асуы. Өйткені, адамның өмір салтын өзгертуге, ұзақ уақыт бойы теңізде немесе мұхитта жүзуге, отбасынан бөлек тұруға тағы не мәжбүретуі мүмкін? Үнемі ұзақ сапарға теңізге шығуға, жаңа нәрсені ашуға тырысатын адам ұзақ дайындықтан өтеді, содан кейін ғана теңізші бола алады. Теңізші болу үшін тек психологиялық дайындық қана емес осыған қоса үздік мамандық иесі болуы қажет. Қандай мамандық және ол мамандықтарды Қазақстанда қайда оқып үйренуге болатындығы туралы осы мақалада келтірілмек.

Ең алдымен «Теңізшіболу үшін не қажет?» деген сұраққа жауап беріп көрейік:

  1. Теңізші мамандығын алуға шешім қабылдағандар тиісті оқуорындарына түсу керек. Қазіргі таңда Қазақстан Республикасында екі жоғарғы оқу орнының іргесінде Теңіз Академиялары бар. Олар:

– Ақтау қаласындағы Ш.Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг университеті қабырғасындағы Теңіз Академиясы;

– Алматы қаласындағы Қазақстан-Британ техникалық университетінің іргесіндегі Қазақстан теңіз Академиясы;

  1. Тектеориядан ғана емес, осыған қоса теңіздегі практикадан толықтай өткен, практикалық тәжірибе мен диплом алған адамдар ғана сауда кемелерінде жұмыс істей алады;
  2. Теңіз сауда кемелерінде жүмыс істеймін дейтін тұлға мықтыденсаулық, төзімділік, жаңа ортаға бейімделу қабілеті болуы керек. Әр рейс алдында теңізші міндетті медициналық тексеруден өтіп, вакцинация жасайды, әсіресе алыс елдерге сапар шегу үшін;
  3. Теңізші болу үшін қажетті білім құны жоғары, бірақ оқу шығындары болашақта алатын қомақты жалақымен ақталады. Сауда теңіз кемелеріне қатысты мамандықтар қазіргі таңдаөте жоғары сұранысқа ие және де бәсекелестікте өте жоғары.
  4. Диплом алғаннан кейін табандылық таныту қажет, өзін жақсы жағынан көрсете білу керек. Бұл кәсіпте шеттілдерін білу өте қажет және пайдалы болады.

Теңіз сауда кемелерінде жұмыс істейтін теңізшілер жалпы алғанда келесі санаттарға бөлінеді:

* машина командасы;

* палубалық команда;

* қызмет көрсетуші персонал.

Теңіз сауда кемелерінің экипаждары командалық теңізшілер (матростар)мен офицерлер құрамына бөлінеді. Офицерлерге жоғары білім алу қажет, командалық матрос болуға тек арнайы курстардан өту қажет.

Ақтау қаласындағы Ш.Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг университеті құрамындағы Теңіз Академиясытуралы нақтырақ ақпарат жайып көрейік.

Теңіз Академиясы Бакалаврият және Магистратура бойынша жоғары білікті кадрларды дайындауда. Магистратурада «Теңіз техникасы және технологиясы» білім беру бағдарламасы, ал Бакалавриятта – 1978 жылғы теңізшілерді даярлау, дипломдау және вахта жұмысын атқару туралы халықаралық конвенцияның талаптарына сәйкес әзірленген эксперименттік білім беру бағдарламасы бойынша жүзеге асырылады:

  1. Кемелік энергетикалық қондырғыларды пайдалану
  2. Кеме жүргізу
  3. Кеме электр жабдықтары мен автоматика құралдарын пайдалану
  4. Порттар мен көлік терминалдарының ауыстырып тиеу жабдықтарын пайдалану.

Теңіз Академиясына оқуға түскен студенттердің мүмкіндіктері келесідей:

  1. Теңіз академиясының барлық студенттеріне жатақхана мен киім-кешек беріледі.
  2. Студенттер, болашақ кемежүргізуші мамандар навигация мен лоцияны, радиобайланысты, кемені басқаруды, кеме экипажын басқару негіздерін, гидрометеорологияны және мамандануы бойынша басқа да пәндерді зерделейді.
  3. Студенттер, болашақ кеме механиктері ішкі жану қозғалтқыштарын, кеме турбо машиналарын, қосалқы механизмдерді, қазандықтарды, Тоңазытқыш қондырғыларды және басқа да мамандандыру пәндерін оқиды.
  4. Студенттер, болашақ электромеханикалық мамандар Электротехника, автоматика, электроника, есептеу техникасы, Электр машиналары, Кеме электр жүйелері, есу электр қондырғылары және басқа да мамандандыру пәндерінің теориялық негіздерін оқиды.
  5. Студенттер, болашақ механик-мамандар порттардың ұйымдастырушылық және технологиялық қызметінің өзекті мәселелерін, жүк тиеу машиналарын ұтымды пайдалану әдістерін және экологиялық қауіпсіздік мәселелерін егжей-тегжейлі зерттейді. Дайындық профилі теңіз және өзен порттарындағы тиеу-түсіру, Көлік және қойма жүйелерін жобалау, құрастыру және пайдалану мәселелерінде білім алуды қамтамасыз етеді.
  6. Білім беру бағдарламасы теориялық дайындықтан басқа теңіз кемелерінде, порттарда, зауыттарда практикалық даярлықтан, сондай-ақ теңіз академиясының шеберханаларында, зертханаларында және тренажерлерінде, қазақстандық және шетелдік компаниялардың кәсіпорындарында, верфьтерінде кеме жөндеу, Электрмонтаждау практикасынан тұрады.
  7. Теңіз академиясының барлық түлектері жоғары кәсіби білім туралы мемлекеттік үлгідегі дипломнан басқа, капитанның вахталық көмекшісінің жұмыс дипломын, кеме электромеханигінің жұмыс дипломын, жұмыс дипломын алады
  8. Бұл дипломдарды Каспий өңірі елдерінің барлық теңіз ұйымдары мойындайды және қазақстандық және шетелдік компаниялардың кемелерін де шектеусіз жұмыс істеуге мүмкіндік береді.
  9. «Теңіз техникасы және технологиялары» мамандығы бойынша білім беру бағдарламасы шеңберінде студенттер екі дипломды білім беру бағдарламасы және академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша шетелдегі теңіз университеттерінде оқуға мүмкіндігі бар.

Аталған мамандықтар бойынша толығырақ ақпарат келтіретін болсақ онда олар төмендегідей.

Кеме жүргізу мамандығының кәсіби қызмет саласы -теңіз және ішкі су көлігі кемелерін, балық кәсіпшілігі мен техникалық флоттары, қайраңды игеру кемелерін және жүзбелі бұрғылау қондырғыларын, Қазақстан Республикасының Ішкі су жолдарында сауда мақсатында теңізде жүзу және кеме қатынасы үшін пайдаланылатын өзге де кемелерді, Әскери-теңіз күштері мен Шекара қызметінің корабльдері мен кемелерін пайдалану; кемелердің жүзу қауіпсіздігін қамтамасыз етуді, қоршаған ортаның ластануын болғызбауды, су көлігі саласындағы халықаралық және ұлттық заңнаманы орындауды қамтамасыз; су көлігі қозғалысын ұйымдастыру және басқару; су көлігін пайдалану саласындағы ғылыми-зерттеу және жобалау қызметі.

Порттар мен көлік терминалдарының қайта тиеу жабдықтарын пайдалану мамандығының кәсіби қызмет саласы – әртүрлі мақсаттағы көлік және көлік-технологиялық машиналарды, олардың агрегаттарын, порттар мен көлік терминалдарындағы жүйелер мен элементтерді пайдалануға, жөндеуге және сервистік қызмет көрсетуге байланысты ғылым мен техника болып табылады.

Кеме электр жабдықтарын және автоматика құралдарын пайдалану мамандығының кәсіби қызмет саласы -теңіз, өзен, балық кәсіпшілігі кемелерінің, техникалық және мамандандырылған флоттардың, Әскери-теңізкүштері мен Шекара қызметінің корабльдері мен қосалқы кемелерінің электр жабдығы мен автоматика құралдарын техникалық пайдалану, кеме электр жабдығы мен жүзбелі бұрғылау платформаларының, жүзбелі дизельді, автономды энергетикалық қондырғылардың автоматика құралдарын техникалық пайдалану; кеме жөндеу кәсіпорындарындағы жұмыс; Кеме электрэнергетикалық қондырғылары мен олардың элементтері (басты және қосалқы) саласындағы ғылыми-зерттеу және жобалау қызметі.

Кемелік энергетикалық қондырғыларды пайдалану мамандығының кәсіби қызмет саласы – теңіз, өзен, балық кәсіпшілігі, техникалық және мамандандырылған флоттардың кемелік бас және қосалқы энергетикалық жабдықтарын, әскери-теңіз күштерінің корабльдері мен қосалқы кемелерінің энергетикалық қондырғыларын техникалық пайдалану; бұрғылау платформаларының, жүзбелі дизель электрстанцияларының, дербес энергетикалық қондырғылардың энергетикалық қондырғыларын техникалық пайдалану; кеме жөндеу кәсіпорындарындағы жұмыс; Кемелік энергетикалық қондырғылар мен олардың элементтері (басты және қосалқы) саласындағы ғылыми-зерттеу және жобалау қызметі.

Теңіз Академиясының студенттері әр курстан кейін кәсіби және профильдік тәжірибелік жұмыстарды атқарады. Ол өз кезегінде болашақта мамандық иесі жұмыс ізденісі кезінде бәсекелестігін арттыра түседі. Себебі жоғарыда айтылғандай, маман иелері теориялық білімдерге қоса сапалы тәжірибелік білімдері болуы керек.

Мамандық бойынша дипломалды тәжірибесі болашақ мамандарды даярлаудың маңызды кезеңдерінің бірі болып табылады. Бұл тәжірибе барысында студенттердің университет қабырғасында алған білімдері практикалық дағдыларға айналады. Студенттері барлық бөлімдер арасындағы байланыстырушы буын туралы түсінікке ие болу үшін бүкіл кәсіпорын бойынша жұмыс процестерін терең зерттейді. Сондай-ақ, олар дипломдық жобаның тақырыптарын жақсы зерттеу үшін өндірістің барлық кезеңдеріне қатысады.

Жоғарыда келтірілген фактілерді, ақпараттарды қортындылай келе тақырыпта қойылған сұраққа былай жауап берсе болады – Қазақстанда теңізші болу ол жай арман емес, ал қол жетімді және орындауға болатын мақсат. Теңізші болу үшін қазіргі таңда басқа елдерге барып өте қымбат оқуға түспей-ақ, Қазақстандық жоғарғы оқу орындарында қол жетімді бағамен мақсатқа жетуге болады

 Т.К. Абикеев, Yessenov University Теңіз Академиясының аға оқытушысы 

 Фото интернеттен алынды

Әлеуметтік желіде бөлісу:

Share to Google Buzz
Share to Google Plus
Share to LiveJournal
Share to MyWorld
Share to Odnoklassniki

ПІКІРЛЕР

WORDPRESS: 1
  • comment-avatar
    бексултан 6 months

    мен теңізші жумысмен карерамды қуғым келеді маған жумыс тауп бере аласызжарма

  • DISQUS: 0