8-қазан. Turaninform. Қытай билігі мұғалімдердің шетелге шығуын шектеуге кіріскен. Тек мектеп қана емес, университет пен мемлекеттік салада қызмет ететіндерге де осындай талап қойылған көрінеді. BBC таратқан ақпаратқа қарағанда, рұқсатсыз шетелге барып келген мұғалімдерді сынап қана қоймай, Қытайдың жемқорлыққа қарсы агенттігі тергеуге алады.
– Егер, шет мемлекетке шыққымыз келсе, біз қалалық білім бөліміне баруымыз қажет, – деген, атын жариялауды жөн көрмеген, әлдебір мұғалім. Сонымен қатар, білім бөлімі рұқсат беретініне ол күмән келтіреді.
Фото интернеттен алынды
ПІКІРЛЕР