Д. Трамптың билікке оралуы: шетелге көшкісі келетіндердің саны күрт өскен

Д. Трамптың билікке оралуы: шетелге көшкісі келетіндердің саны күрт өскен

11-қараша. Turaninform. АҚШ президенті сайлауында Д. Трамп жеңгенінен кейін, шетелге көшкісі келетін америкалықтардың саны күрт өскен көрінеді. Reuters таратқан ақпаратқа қарағанда, сайлау бөлімшелері жабылғаннан кейін-ақ, ит арқасы қияндағы Жаңа Зеландияның өзіне көшудің жөн-жосығын сұраған АҚШ тұрғындарының саны 20 есеге артқан! “Канадаға көшу” деп іздеушілер 13 еседей көбейген.

Конституцияға сәйкес, Дональд Трамп Джо Байденнің орнына келесі жылдың қаңтарында отырады. Ол Президент сайлауында Камала Харристен анық басым түскен еді.

 Фото интернеттен алынды

Әлеуметтік желіде бөлісу:

Share to Google Buzz
Share to Google Plus
Share to LiveJournal
Share to MyWorld
Share to Odnoklassniki

ПІКІРЛЕР

WORDPRESS: 0
DISQUS: 0